22 Мамыр, 2012

Шарайна

291 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:56

АЛЬЯНС ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНБАҚШЫ

АҚШ-тың Чикаго қаласында НАТО-ның саммиті өтіп жатқаны белгілі.Альянсқа қатысушы елдер өз мәжі­ліс­терінің алғашқы күні Еуропадазымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚжүйесінің алғашқы фазасын құрутуралы уағда­ластыққа келді.

Сейсенбі, 22 мамыр 2012 6:56

АЛЬЯНС ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНБАҚШЫ

АҚШ-тың Чикаго қаласында НАТО-ның саммиті өтіп жатқаны белгілі.Альянсқа қатысушы елдер өз мәжі­ліс­терінің алғашқы күні Еуропадазымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚжүйесінің алғашқы фазасын құрутуралы уағда­ластыққа келді.

Сөйтіп, Түркия жағалауларында орналасқан америкалық әскери корабльдегі ЗҚҚ енді НАТО-ның Германиядағы база­сының командованиесі бақылауына берілетін болады. Бұған дейін хабарланғанындай, ЗҚҚ жүйесін құру төрт кезең бойынша жүрсе, бұл үдеріс 2018 жылы аяқталмақ. Жүйе элементтері бірнеше елдің аумағында, атап айтқанда, Польша, Румыния, Чехия, Түркия, Нидерланды және Испанияда құрылатын болады.

 

БОРИС ТАДИЧ ЖЕҢІЛІСІН МОЙЫНДАДЫ

Сербияда жексенбі күні президенттік сайлау болып өттіОның нәтижелерібойынша Томислав Николич сәл ғана басымдықпен жеңіске жеттіЕлдің ісбасындағы президенті Борис Тадич өзінің жеңілісін мойындап,қарсыласын жеңі­сімен құттықтады.

Сербияның 2004 жылдан бергі президенті Б.Тадич жаңа сайланған президентті еуроинтеграция жоспарларынан бас тартпауға шақыра келіп, жұмысына табыс тіледі. Т.Николич өз кезегінде Сербияның «еуропалық» бағыттан ауытқымай­ты­нына уәде берді.

 

ТАЙВАНЬҒА ҰШАҚ САТУДЫ МАҚҰЛДАДЫ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Тайваньға жаңа 66 Ғ-16С жойғыш ұшағынсату жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірдіЕнді заң жобасы әуелі Сенаттыңқарауынасодан кейін Ақ үйдің қарауына түсуі тиіс.

Әуелде АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі ұшақ сатып алу туралы Тайваньның тапсырысын кері қайтарған болатын. Алайда, кейінірек бұл шешімді қайта қарауы ықтимал екенін білдірген еді. Ал Тайвань тарапы болса, соңғы бірнеше жыл бойы АҚШ-тан жаңа Ғ-16 ұшақтарын сатып алуды қатты қалап келеді.

 

ПАРАДҚА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕГІ ҚЫРҒЫН

Йеменнің астанасы – Сана қаласында әскери парадқа дайындықбарысында жанкештінің өзін өзі жарып жіберуі салдарынан кем дегенде50 адам опат болдыОндаған адам дене жарақаттарын алған. 21 мамыркүнгі лаңкестік Йемен әске­рилеріне бағытталған.

Жарылыс президент сарайы жанындағы алаңда жүзеге асырылған. Әскери киім киген жанкешті өзін солдаттардың ортасында тұрғанда жарып жіберген. Ал әскери шеру 22 мамыр – Йемен бірігуінің 22 жылдығына арналған мерекеге орай өткізілуі керек еді. Әзірше лаңкестікке қатысты ешқандай ұйым өзіне жауапкершілік алған жоқ.

 

СОҚЫР ДИССИДЕНТ ҚҰРАМА ШТАТТАРДА

Зағип қытайлық диссидент Чэнь Гуанчэн өткен сенбі күні кешкісін АҚШ-қа келді. Зайыбымен және екі баласымен ол мінген ұшақ Ньюарка әуежайына келіп қонды. Енді Чэнь Гуанчэн отбасымен бірге Манхэттенде тұратын болады.

Қытайлық диссидентті Манхэттенде жақтастары қарсы алса, ол сол арада қысқаша сөз сөйлеп, Қытайдан шығуына көмектескен Америка билігіне ризашылығын білдірген. АҚШ БАҚ-тарының деректеріне қарағанда, Чэнь Гуанчэн Нью-Йорк университетінде құқықтанудан сабақ алатын болады. Қырық жастағы құқық қорғаушы  осыдан шамалы уақыт бұрын үй қамағынан қашып шығып, АҚШ елшілігіне жасырынған еді.

МИГРАНТТАР ӨЗАРА ҚЫРҚЫСТЫ

Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген мигранттар 20 мамыр күні кешкісін Мәскеудегі Олимпия проспектісінде өз­ара жаппай төбелесті. Жаппай төбелес ке­зінде 79 адам қамауға алынды.  Бұл жө­нінде «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

Агенттіктің деректеріне қарағанда, тө­бе­лес Олимпия проспектісіндегі №16 үй­дің жанында болған. Жанжалдан кейін басынан жарақат алған 20 жасар Қырғызстан азаматы аурухана көмегіне жүгінген. Бұдан соң ішінен пышақ жарақатын алған тағы бір жас жігіт ауру­ханаға жатқызылған. Полицияда ұсталғандармен профи­лак­тикалық әңгіме өткізіліп, олардан оқиғаға байланысты түсі­нік­теме алынған. Жаппай төбелес бойынша тексеру жүргізілуде.

Қысқа қайырып айтқанда:

13 мамыр күні Монтерей қаласы маңында 49 адамның мәйіті табылғанболатын. Осы жауыздық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Мексикаесірткі  мафиясы серкелерінің бірі Даниэль Элизондо қамауға алынды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов футболдан Ресей чемпионының алтын медалін алды. Награда мен Ресей кубогының көшірмесін оған Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарит Мухаметшин тапсырды. Өйткені, Ресей кубогының иегері – Қазанның  «Рубин» командасының бапкері осы елдің тумасы Құрбан Бердыев болып табылады.

Италияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 адамға жетті. Тағы 50 адам зардап шеккен. 5,9 баллдық жер сілкінісі жек­сен­бі күні ертеңгісін Болонья, Феррара  және Модена қалаларының арасында тіркелген еді.

21 мамырға қараған түні Бішкекте журналист Геннадий Пав­люк­қа қойылған ескерткіш ұрланды. Скульптура қоладан құ­йылса, салмағы шамамен 250 килограмм екен. Ескерткіш құны 20 мың доллар шамасында. 2010 жылы қойылған ескерт­­­кіштің оңай олжа тапқысы келгендердің қанжығасында кеткені күмән туғызбайды.

20 мамырда Литваның Каунас қаласында нацистердің серігі бол­ған Литваның уақытша үкіметінің бұрынғы басшысы Юозас Брай­зайтисті қайта жерлеу рәсімі өткізілді. Соғыс аяқ­талған соң АҚШ-қа қашқан ол 1974 жылы сонда көз жұмған екен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.