23 Мамыр, 2012

Шарайна

282 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:09

КЕЛІССӨЗДЕРДЕ ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК БАР

МАГАТЭ басшысы Юкия Амано Иранның ядролық нысандарынинспекциялау жөнінде Тегеранмен келісімге келгенін хабарлады.

Оның айтуынша, тиісті құжатқа таяу уақыттарда қол қойылатын болады. Сонымен бірге, ол кейбір жәйттерге қатысты жұмыс жүргізуге тура келетінін, бірақ олардың принципті емес екенін айтқан. Халықаралық сарапшы­лардың пайымдауынша, МАГАТЭ мен Иран арасындағы келіссөздерде прогреске қол жеткізу 23 мамырда Бағдадта өтетін Иран делегациясының «5 плюс 1» тобы өкілдерімен кездесуіне оң әсерін тигізбек.

 

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:09

КЕЛІССӨЗДЕРДЕ ІЛГЕРІЛЕУШІЛІК БАР

МАГАТЭ басшысы Юкия Амано Иранның ядролық нысандарынинспекциялау жөнінде Тегеранмен келісімге келгенін хабарлады.

Оның айтуынша, тиісті құжатқа таяу уақыттарда қол қойылатын болады. Сонымен бірге, ол кейбір жәйттерге қатысты жұмыс жүргізуге тура келетінін, бірақ олардың принципті емес екенін айтқан. Халықаралық сарапшы­лардың пайымдауынша, МАГАТЭ мен Иран арасындағы келіссөздерде прогреске қол жеткізу 23 мамырда Бағдадта өтетін Иран делегациясының «5 плюс 1» тобы өкілдерімен кездесуіне оң әсерін тигізбек.

ГРУЗИЯ НАТО-ға ҚАШАН ӨТЕДІ?

Грузия президенті Михаил Саакашвили өз елінің 2014 жылы НАТО-ға мүшелікке өтетініне сенімді.

Ол Чикагода өткен НАТО саммитінде осындай мәлімдеме жасаған. Болжам бойынша келесі саммит 2014 жылы өтеді, осы орайда Грузияның үш Балкан елімен бірге альянстың толық құқылы мүшесі болу мүмкіндігі зор деп атап көрсеткен ол. Чикагодағы саммитте қабылданған декларацияда Грузияның «альянстың аспиранты» болып табылатыны, оның міндетті түрде ұйымға мүшелікке өтетіні атап көрсетілген.

 

ӘСКЕРИ шеру ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

Йеменнің астанасы – Санада елдің бірігуінің жыл­дығына арналып өтуге тиіс әскери шеруден бас тартуға тура келді.

Оған оның алдында орын алған террорлық акт себеп болған. Дегенмен, ел астанасында салтанатты іс-шаралар символдық түрде өтетін көрінеді. Салтанатты іс-шараға ел президенті Абд Раббо Хади қатысатын болады. Осы орайда Санада әскери киім киген жанкешті терроршының әскери қызметшілер колонасына өтіп кетіп, елдің орталық қауіпсіздік күштерінің штаб-пәтері алдында өзін жарып жібергенін айта кету қажет.

 

ЕҢ БИІК ТЕЛЕМҰНАРА АШЫЛДЫ

Токиода әлемдегі ең биік комму­никациялық ғи­ма­рат болып табылатын телемұнара салтанатты түрде ашылды.

Мұнараның биіктігі 634 метрді құрай­ды. Алғашқы күні оны көруге шамамен 200 мың адам келеді деп күтілуде. Телемұнарада екі ба­қы­лау алаңқайы орналасқан. Ресторандар мен офистік орын-жайлар да осында орын тебетін болады. Шыныдан жасал­ған еден мұнара астында бірнеше жүздеген метр жерде­гілердің бәрін де көруге мүмкіндік береді екен.

 

ЛИВАНДАҒЫ АХУАЛҒА АЛАҢДАУЛЫ

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Ливандағы ахуалдың нашарлай түсуі мүмкін екендігін ескертті.

Атап айтқанда, Пан Ги Мун Сириямен көршілес Ли­вандағы жағдайдың шиелені­се түсуіне алаңдаулы. Қазірдің өзінде елде Сирия президенті Башар Асадты жақтау­шылар мен оған қарсыластар арасында бірнеше қақты­ғыс­тар болды. Жақында Ливанның таулы ауданы Аккардағы әскери блокпостылардың бірінде орын алған оқиға салдарынан суниттік діни қайраткер мен оның көмекшісі қаза тауып, бір әскери қызметші жарақат алды.

 

ҮНДІСТАНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ АПАТЫ

Үндістанның оңтүстік-шығысында ірі темір жол апаты орын алды.

Андхра-Прадеш штатындағы Анантапур округінде жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысқан. Төтенше жағ­­дай салдарынан 25 адам қаза тауып, 50-ден астам адам зардап шеккен көрінеді. Қаза тапқандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Қазір апат орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Кейбір мәліметтерге қара­ған­да, құрбан болғандар санының өсе түсуі де мүмкін.

 

ЖҰРТТЫ ӘУРЕГЕ САЛҒАН ҰШҚЫШ

Израильдің солтүстік-шығысындағы Тверия қа­ласында қорқынышты әрі айрықша оқиға болған.

21 мамыр күні құтқарушылар аталған орында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабар алады. Кейін ұшақтың аман қалғаны, оның өз еркімен сауда кешені жанына келіп қонғаны белгілі болады. Әуелде полиция әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонды деп мәлімдеген. Сөйтсе, ұшқыштың айтуынша ешқандай ақау болмаған. Ол бар болғаны демалып және бір шәшке кофе ішу үшін ғана қонған көрінеді.

 

БОЛГАРИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ

Болгарияның астанасы Софияға таяу жерде 5,6 балдық жер сілкінісі болды.

Жергілікті уақыт бойынша 03:00 минутта басталған жер асты дүмпулері бүкіл ел бойынша сезілген көрінеді. АҚШ-тың геологиялық қызметінің хабарлауынша, зіл­заланың эпицентрі Софиядан батысқа қарай 24 ша­қырым жерде болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер турал әзірге мәліметтер жоқ. Көптеген қала тұр­ғындары өз үйлеріне барудан қорқып, көшелерде жүрген көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.