Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Алматыдағы метро бекеттерінің бірінде  «Адал жол» акциясы іске қосылды

925 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы метро бекеттерінің бірінде «Адал жол» акциясы іске қосылды. Жоба негізінде метроға кірер есіктердің бірі үнемі ашық күйде тұрады. Яғни жол ақысын төлеу-төлемеу азаматтардың ары  мен адамгершілігіне жүктеледі.

Алматыдағы метро бекеттерінің бірінде  «Адал жол» акциясы іске қосылды

Бұл тәжірибе Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұрыннан бар. Қанатқақты жоба ойдағыдай жүзеге асар болса, оның аясы кеңіп қолданысқа енуі де ғажап емес. Жоба «кедергісіз өткел» принципіне негізделген. Мәселе, жұртшылықтың бұған қаншалықты дайын екеніне көз жеткізу дейді жауапты мамандар.

«Алматыда 37 жоғарғы оқу ошағы бар. Сол оқу орындарынан сатушысы  жоқ дүкендер аштық. Тұтынушы дүкеннен өзіне керек дүниесін алып, төлем картасы арқылы ақшасын төлеп кете береді. Зерттеу нәтижесі бойынша әзірге ешқандай тауар ұрланбаған. Болашақта қаладағы ірі сауда орталықтары желісінде де осындай принцип бойынша жұмыс істейтін кассаны іске қосу жоспарда бар» – дейді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Данияр Таумұрат.

Жоба ойдағыдай іске асар болса, қалған метро бекеттерінде де «Адал жол» есіктері айқара ашылмақ.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ