«Қала маңына қатынайтын № 302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілді. Қоғамдық көліктер әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады», – делінген «Астана LRT» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жоғарыда аталған бағдарлардың қозғалысы қозғалысы Лесная поляна тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты өзгерген-ді.
Бағдарлар тұрғын үй алабына кірмей, Республика даңғылының бойымен қозғалған болатын.