13 Наурыз, 2019

Астанада қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтуде

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біліктілікті арттыру курстарына 20 қонақ үйдің 100 қызметкері қатысып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қонақ үй қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтуде

Тренингтер Recommended by Astana бағдарламасы аясында өткізіледі.

Қатысушылар жұмыс істейтін механизмдерді, әлемдік тәжірибелерді және кейстерді зерттей отырып, олар өз қонақ үйінің жағымды бейнесін қалыптастыруға, әр түрлі мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасауға қажетті тәжірибелерді игеруге, қонақтармен даулы жағдайларды тез әрі тиімді шешуге, сондай-ақ мінсіз сервис ұсыну тәжірибелерін пысықтауға мүмкіндік береді.

«Курс келесі негізгі сұрақтарға арналған: қонақ үйде тиімді брондау, қонақ үйде мінсіз қызмет көрсету, қонақтардың мәдени айырмашылықтары, түрлі мәдениет өкілдеріне қызмет көрсету ерекшеліктері, сату бөлімі үшін мінсіз қызмет көрсету, қабылдау және орналастыру қызметінің сапалы жұмысы. Қатысушылар қонақ үйдің оң бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін механизмдерді, әлемдік тәжірибелерді және кейстерді зерттейді», – деп хабарлады «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС-де.

Курс бес блокқа бөлінген, олардың әрқайсысы қонақ үйлердің негізгі бөлімдерінің жұмысын қамтуға мүмкіндік береді. Аталған курстың жаттықтырушысы персоналды басқару және мансапты дамыту саласындағы сарапшы – Ришат Валитов. Оның аясында 20 қонақ үйдің 100-ден астам қызметкерін оқыту жоспарлануда.