Аймақтар • 13 Наурыз, 2019

Шардара су қоймасында су деңгейі төмендеді

1347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 100-120 текше метр су босатылып жатыр.

Шардара су қоймасында су деңгейі төмендеді

Бұл, әрине, дихандар үшін алаңдататын жағдай. Қыс бойы Тоқтағұл ГЭС-і арқылы энергия көзін алу үшін Шардарадаға тоқтаусыз су айдайтын ала қалпақты ағайындардың аптығы басылып, су қоймасына секундына 450-500 текше метрдей су жіберуде.

Оның 350 текше метрі Көксарай су реттегішінде қалып қояды. Наурыз айының соңына дейін Сыр бойында Арал маңында қатқан мұз толық ериді. Яғни, жылдағы тасқыннан қауіп жоқ. Алайда, аз босатылған су көктемгі науқаннан қоңыр күзге дейін егістігінде жүретін дихандарға ауыр соғуы әбден мүмкін.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы