13 Наурыз, 2019

Астанада №13 қалалық емханада туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

847 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№13 қалалық емханаға тіркелген азаматтар өз қалауынша фтизиатр және фтизиопедиатр сияқты дәрігерлерден кеңес ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада №13 қалалық емханада туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, шара Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күнге орай ұйымдастырылмақ.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 төмендеген. 2017 жылдың нәтижесі бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 52 жағдай тіркелген.

Соңғы 10 жылдағы өлім көрсеткіші 5,6 төмендеген және 100 мың тұрғынға 3 жағдай тіркелген.

Медициналық тексерістен уақытылы өту маңызды. Туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күні 14 наурызда Абылай хан к. 1 мекенжайы бойынша орналасқан №13 қалалық емханада сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.

Фтизиопедиатрдың консультациясы: 5 кабинет (жертөле қабаты)