05 Маусым, 2012

Шарайна

299 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:44

АПАТТАН АМАН ҚАЛҒАНДАР ЖОҚ

Нигерияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшы­рады. Логос қаласындағы бұл апаттан ұшақ портындағы 150 адам түгел көз жұмды. Нигерияның Dana Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ 3 маусым күні жергілікті әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған болатын.

 

Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:44

АПАТТАН АМАН ҚАЛҒАНДАР ЖОҚ

Нигерияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшы­рады. Логос қаласындағы бұл апаттан ұшақ портындағы 150 адам түгел көз жұмды. Нигерияның Dana Air әуе компаниясына тиесілі ұшақ 3 маусым күні жергілікті әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған болатын.

Нигерия басшылығы әуе апатының не себепті болғаны туралы алдын ала еш мәлімет беріп отырған жоқ. Бірақ ұшақ құлаған жерден «қара жәшіктердің» бірі алынып, полицияға тапсырылған. Қайғылы оқиғаға байланысты Нигерия президенті Гулдак Джонатан үш күндік ұлттық қаралы күн жариялады. Бұл Нигерияда соңғы он жылда болған екінші осындай үлкен апат болып табылады.

 

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ

Жақын күндері Ресей президенті Владимир Путин Ресей президенті жанындағы ұлтаралық қарым-қа­ты­нас жөніндегі кеңес құру туралы жар­лыққа қол қояды. Кеңестің басшысы президенттің өзі болады. Орынба­сар­лық орынтақтың бірі вице-премьер Дмитрий Козакқа бұйырғалы отыр.

Тағы бір орынбасарлық ұлттық саясат мәселесімен айналысатын президент әкімшілігі басшысының бірінші орын­басары Вячеслав Володинге тапсырылмақ. Кеңеске сондай-ақ бірқатар үкімет мүшелері: білім министрі Дмитрий Ливанов, мәдениет министрі Владимир Мединский, өңірлік даму министрі Олег Говорун және федералды миг­ра­циялық қызметтің директоры Константин Ромодановский енеді.

 

ДИВЕРСАНТТАР ШАБУЫЛЫНЫҢ АЛДЫН АЛҒАН

Армения қорғаныс министрі Әзербайжан дивер­сиялық тобының республика аумағына өтпек бол­ған әрекетінің алды алынғаны туралы мәлімдеме жасады. Операция барысында Армения қарулы күш­терінің үш қызметкері қаза тапқан. Жара­ланғандар да бар делініп отыр.

Оқиға Арменияның солтүстік-шығысында орын алған. Қорғаныс ведомствосының деректеріне қарағанда, дивер­сиялық топ Тавуш облысының Бердаван және Чинари елді мекендеріне қарай бағыт алып, армияның әскери позицияларына өтуге әрекет жасапты-мыс. Бұл оқиғаға байланыс­ты Әзербайжан тарапы әзірше ешнәрсе айта қойған жоқ.

 

РЕСЕЙ СИРИЯ ҮКІМЕТІН «ҚОРҒАП ҚАЛДЫ»

Ресей Федерациясының сыртқы істер министр­лігі Сирияның Хула кентінде жаппай адам өлтірілуі туралы қарарды жазғырған мазмұнда пі­­кір білдірді. Бұл қарарды кезектен тыс сессиясында БҰҰ-ның Адам құ­қы жөніндегі кеңесі қабылдаған болатын.

Ресей СІМ-іне қарардың оқиғаға байланысты біржақты негізде жасалғаны, яғни тек Сирия үкіметін қаралайтыны ұнамаған. Ал құжатта бүлікшіл жасақтар, лаңкестер туралы бірде-бір сөз айтылмайды. Ведомствоның пікірінше, қарардың объективтілігі жоқ, теңдестірілмеген және біржақты мәтіні кеңес мандатының шеңберінен шығып кеткен. БҰҰ құжатына 47 мүше елдің 41-і жақтап дауыс берсе, Ресей, Қытай және Куба қарсы дауыс берген.

 

ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің таққа отырғанына 60 жыл толды. Бұл дата Ұлыбритания аумағында кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай 3 маусым күні Темза өзенінен өткен флотилия әлемдегі ең ауқымды кемелер шеруі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Өзендегі салтанатқа шамамен мың шақты кеме қа­тысқан. Елизавета ІІ-нің өзі және патшайымның отбасы мүшелері аталған салтанатқа арнайы жөндеуден өткізілген корольдік «Спирит оф Чартуэлл» баржасының бортына мініп қатысқан. Іс-шара 6 сағатқа созылса, флотилияға қатысушылардың жалпы саны 20 мың адамды құраған, қозғалысын 1,2 миллион адам тамашалаған.

 

ПАНАМА ЖАҒАЛАУЛАРЫНДА ЖЕР СІЛКІНДІ

Панаманың Тынық мұхиты жа­ға­лауларында 4 маусымға қараған түні мангитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүм­­пулерінің эпи­центрі Чирики провинциясының әкім­­шілік орталығы – Давид қала­сынан 370 шақырым жерде болған.

АҚШ геологиялық қызметінің сайтындағы мәліметтер­ге қарағанда, цунами пайда болу қаупі туралы ескерту еш жерге таратылмаған. Сондай-ақ соңғы уақыттарға дейін жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер және ғима­раттардың құлауы жөнінде де ешнәрсе айтылмайды. Соған қарағанда, жер сілкінісінің эпицентрі елді мекендер орналасқан жерден аулақта болғанға ұқсайды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.