Облыста былтырдың өзінде мұндай тәжірибе сынақтан сәтті өткен. Ол кезде ұшу аппаратының көмегімен Ұлытау, Ақтоғай және Осакаров аудандарындағы 5 елді мекенге жалпы салмағы 1677 кило тартатын мерзімді басылымдар жеткізілген болатын.
«Қазпоштаның» бұл жобасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Adrome Automation» ЖШС-мен бірге іске асырылып жатыр. Газеттерді жеткізу үшін «Адром Феникс 2.2» және «Адром Феникс 3» маркалы дрондар пайдаланылады. Бұлар 2 және 4 кило жүкті алып 70 шақырымға дейін ұшып бара алады.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды