Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Батыл студент жас жасақшы атанды

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткенде Талдықорған қаласында өртенген пәтерден 2 баланы құтқарған студент Арман Бақытбайұлы жайлы жазған едік. Бүгін облыс жастары батыр замандастарымен кездесті.

Батыл студент жас жасақшы атанды

 - Мен өзімді керемет ерлік жасадым деп санамаймын. Кез келген азамат дәл солай  әрекет етуі тиіс. Адамның күні адаммен ғой, қауіп төнген кезде ешкім қарап тұрмайтын анық. Бұл – біздің азаматтық парызымыз, - деді кездесуде Арман Бақытбайұлы.

Жетісу мемлекеттік университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алып жатқан студент енді полицияға қолдау көрсету үшін құрылған «Жалын» студенттер жасағының мүшесі атанды. Арманға жас жасақшының арнайы куәлігі мен киімін және жастардың атынан Алғыс хатты Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас тапсырды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы