13 Наурыз, 2019

2019 жылғы қаңтар-ақпанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,6% құрады

909 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 103,6% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ІЖӨ-нің 60% - аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,6% құрады

2019 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1284 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,2% артық.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4384,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,7% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 6,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 14,5% артты. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 2,1% төмендеді.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 261,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 3,6% артық.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 184 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2% артық.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 91,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 2,9% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 45,2 млрд. жкм құрап, 3,5% артты.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,5% құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,6%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 697,1 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104% құрады (салыстырмалы бағада).

2019 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 3000,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,4% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 93489,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 19,7% артты, оның ішінде экспорт – 60956,2 млн. АҚШ долларын (25,7% көп), импорт – 32533,5 млн. АҚШ долларын құрады (9,9% көп).

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 435337 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 426417 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 285986 құрады, оның ішінде 277515 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,8%, азық-түлік емес тауарларға – 0,6%-ға өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,5%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,1% төмендеді.

Соңғы жаңалықтар