Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

ҚТЖ мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 13 наурызында ҚТЖ  мен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов және «Назарбаев Университеті» ААҚ инвестициялар жөніндегі вице-президенті Ерден Құсайын қол қойды.

Меморандум көлік саласында тәжірибе алмасу, инновациялық және білім беру қызметі саласындағы ыңтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжат шеңберінде тағылымдама, семинарлар, білім беру тренингтері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі жұмысының бағыттары жөніндегі идеялар мен инновациялық жобалардың сайысы, инновациялық жобалардың корпоративтік акселерациясы бағдарламаларын өткізу жоспарланған.

ҚТЖ білім берудің заманауи тәсілдерін пайдалану арқылы жас қызметкерлердің әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлуде.

Еліміздегі жоғары білім берудің флагманы болып табылатын білім орнынымен ыңтымақтастық Компаниядағы кадр саясатын жүзеге асыруда, жас теміржолшылардың кәсібилігін арттыру үшін қосымша ыңталандыру береді.