14 Наурыз, 2019

Тұтынушыға ашық карталар

1391 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқ­сандағы қаулы­сымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарла­масында бес негізгі бағыт айқындалды, оның бірі цифрлы мемлекетке өту болып табылады. 

Тұтынушыға ашық карталар

«…Қазіргі қоғамда кеңіс­тіктік деректер туралы цифрлы ақпарат мемлекеттік бас­қару­дың маңызды страте­гия­лық ресурсына айнал­ды және оның тұрақ­ты әлеу­мет­тік-экономи­ка­лық дамуының кілті болды. Елде әртүрлі кәсіп­­орын­дардың өндірістік қыз­­меті нәтижесін­де алын­ған деректердің үлкен көле­мі жинақ­талған. Алайда, дерек­те­рдің жинақ­талған жиын­тығы­ның үлкен көлемі мен құры­лымдалмауы ақпараттық кедергі жасайды, ал кейде ақ­парат алмасу үдеріс­теріне және осы ақпарат негізінде басқаруға кедергі жасайды», делінген бағдарламада. 

Жоғарыда аталған барлық про­блемалар, сондай-ақ шек­теу таңбасының болуы кеңіс­тіктік деректермен байла­ныс­ты көптеген мемлекеттік қыз­мет­­тің таралуына кедергі кел­тіреді және автомат­тан­ды­рылуын шектейді. Қа­лып­тасқан жағдайларда ақ­па­рат­тың үлкен көлемі бола оты­рып, оны ұтым­ды пайдалану мүм­кіндігі жоқ.

Жергілікті жер туралы ақпа­ратқа қойы­латын нарықтың жа­ңа талаптары және ақпа­­рат­тық технологиялардың дамуы жаңа шешімдерді із­дес­­тіру қажеттілігін негіз­дей­ді. Ал бұл мәселені шешу Қазақ­стан Рес­­пуб­­ликасының кеңіс­тік­тік дерек­терінің ұлт­тық инф­ра­құры­лымының жобасын іске асыру болуы тиіс, онда не­гіз­гі басымдық мем­л­е­кеттік құры­лым­дардан жеке пайда­лану­шыларға дейін әртүрлі деңгейде гео­ке­ңістіктік деректермен алмасуды ұйым­дастыру болады.

Әлемде көптеген мемлекет үшін кеңіс­тіктік деректер инфрақұрылымы мемлекет­тік қыз­меттердің ашықтығы дең­гейін арттыруға, сыбайлас жем­­қор­лықтың алдын алуға, бар­лық деңгейде мемлекет­тік бас­қарудың тиімділігін арт­тыруға ықпал етіп, кеңіс­ті­ктік деректердің қол­жетімділігін қамтамасыз ете отырып, электронды үкімет­тер­дің құрам­дас бөлігіне айналды.

Бірақ Қазақстанда кеңіс­тік­тік дерек­тер­дің ұлттық инфра­құры­лымының жоба­сын іс­ке асыру 5 жылға есептелген және оны іске асыру кезеңінде ел­де құ­­рылым­далмаған дерек­тер­­дің одан да көп көлемі құрылатын болады. Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктерін қолжетімді гео­кеңістіктік ақпаратпен қам­тама­сыз етудің уақытша шешімі ашық карталар жасау болып табылады, олар салалық кеңістік­тік деректерді мемлекеттік координаттар жүйесіндегі бірыңғай картографиялық негізге ауыс­тыруды жеңіл жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ашық карталар Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректерінің ұлт­тық инфра­құ­рылымы жобасының құрам­дас бөліктерінің бірі бола отырып, ашық карталар кадастрлардың бар­лық түрлерін жүргізу үшін база­лық кеңістіктік деректер стан­дарттарының жиынтығы рет­інде, оның ішінде «Қазақстан Рес­пуб­ликасының жылжымайтын мүлігінің бірыңғай мем­лекеттік кадастры» ретінде қыз­мет етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан аума­ғының кеңістіктік дерек­терінің көпшілігі 1942 және 1963 жылдардағы координат­тар жүйесінде құрылған, қалал­ар­дың жоспарлары үшін жергілікті координаттар жүйесі пайдала­ны­лады және координаттар жү­­йелері мен картографиялық не­гіздердің бытыраңқы болуы­на бай­­ланысты оларды бірың­ғай де­рек­­қорға біріктіру мүмкін емес.

Осы жағдайдан шығу үшін бүгінгі күні неғұрлым нәтижелі шешім ретінде бірыңғай мем­лекеттік координаттар жүйе­сінде құрылған Қазақстан Рес­пуб­ликасының ашық картасын жасау қажет болады, онда жария­лауға тыйым салынған объек­тілер алынып тасталады.

Жаңартылған цифрлы топо­графиялық карталар мен қала­лардың, еліміздің аудан орта­лық­тарының жоспарлары, аэро­ға­рыш­тық суреттер және олар­дың негізінде орын­далған ортофожоспарлар ашық карта үшін бастапқы материал ретінде қызмет етеді.

Дәлдік пен мазмұн бойынша бірыңғай талаптар негі­зін­де жасалған ашық карталар геоақпараттық жүйелерді ақ­па­­раттық қам­тамасыз етудің не­гі­зін құрайды, ал олар­д­ың жиын­тығы кеңістіктік деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

Геодезия және картография саласындағы орталық уәкі­летті орган ведомстволық бағы­­нысты кәсіпорындар аты­нан бюджеттік бағ­дар­лама шеңберінде Қазақстан аума­ғы­ның 44%-ына 1:25 000 ауқым­дағы (масштабтағы) цифр­лық топографиялық кар­талар түрінде кеңістіктік деректер құрды, ал стратегиялық жоспарға сәйкес 2021 жылға дейінгі мерзімде аумақты қазір­гі заманғы кеңістіктік деректермен қамтудың 80%-ына қол жеткізу жоспарлануда. Цифрлы топографиялық карталарды жасау үшін аумақты таңдау аймақтың экономикалық дамуына және картографиялық материалдардың ескіру дәре­жесіне байланысты.

Сонымен қатар 43 қалаға цифрлы топографиялық жос­парлар жасалды, оның ішінде: 

- Астана, Алматы және Шым­­кент – респуб­ликалық ма­­­ңы­­зы бар қалалар;

- 13 облыс орталығы (Түркі­стан­нан басқа);

- Ірі қала – Семей;

- 26 моноқала (Екібастұздан басқа), бірақ бұл материалдарды ашық қолжетімділікте ұстауға шектеу қойылған, өйт­кені ашық жариялауға болмайтын объектілер бар. 

Қазіргі уақытта жер ресурс­тарын басқару комитеті ашық жариялауға жатпайтын объек­тілерді алып тастау жолымен республиканың елді мекендері мен аумағының ашық картасын жасау бойынша жұмыс­тар жүргізуде. «Қазгеодезия» РМҚК картографиялық материалдарды ашық пайдалануды сынақтан өткізу мақсатын­да 1:25 000 ауқымдағы Қоста­най облысы аумағының және 1:2 000 ауқымдағы Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара және Арқалық қалаларының бір бөлігінің ашық картасын жасау бойынша қанатқақты жобаны іске асырды, оның мін­деті Қазақстан Республикасының ашық картасын жасау технологиясын пысықтау болып табылады. Сондай-ақ кеңістіктік дерек­тердің құрылымы мен ың­­ғайлылығы үшін кәсіп­орын мамандары «ашық пайдаланылатын цифрлы кар­то­графиялық өнімдерді жасау және бақылау ережелерін» әзірледі. Топо­графиялық кар­талар­ды құру­дың дәс­түрлі тех­но­логиясы негі­зінен елдің қор­ғаныс және қауіп­сіздік мұқ­таж­дарын қам­та­масыз ету міндет­терін шешеді және көр­сетілген ақпараттың ар­тық­шылықтары пай­да болды, сон­дықтан ережелермен қатар, топо­графиялық карталардан және қорға­ныс­тық маңызы бар объек­ті­лердің жоспарлары­нан алып тастау үшін сүзгі әзірленді.

Сондай-ақ кәсіпорын мамандары кеңіс­тіктік деректер объектілерінің сүзгі­сі­­нен басқа, оларды Tab (Mapinfo) форматынан shp (ArcGIS) фор­матына ауыстыруды жү­зеге асырды, одан кейін «Қазгеодезия» РМҚК жасаған ашық картаны Қостанай және Руд­ный қала­лары­ның МЖК ААЖ дерек­тері­мен интеграция­лау жүр­гізілді.

Қанатқақты жобаның ар­қа­сында Қос­танай облысы аума­ғының бір бөлігіне, сон­дай-ақ Қостанай және Рудный қала­ларында базалық ашық мультимасштабты карта болды. Қанат­қақты жобаның материал­дары, сондай-ақ «Ашық пай­даланылатын цифрлы карто­графиялық өнімді жасау және бақылау ережелері» мемле­кеттік және жергілікті атқарушы органдарға апробацияға және келісуге жіберілді.

Қанатқақты жобаны сы­нақ­тан өткізу және келісу нәти­желері бойынша кеңістік­тік деректерді бейнелеу құрылымы қалып­­тас­тырылатын және бір­қатар міндетті шешу үшін ашық карталар жасау бағы­ты ай­қын­далатын болады, олардың бірі мем­лекеттің қоғаммен және бизнеспен өзара іс-қимылы және Қазақстан Респуб­лика­сы­­ның аумағында халыққа және бизнеске мем­лекеттік қызмет көрсету саласын оңтай­лан­дыру болып табылады.

Ақылбек ШПИКПАЕВ,

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК бас директоры, «Құрмет» орденінің иегері