Парламент • 14 Наурыз, 2019

Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер туралы заң жобасы таныстырылды

605 реткөрсетілді

Бүгін Мәжілісте бюджеттік түзетулердің таныстырылымы өтті. «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен Татьяна Савельева таныстырды.

Бюджетті нақтылау шеңберінде «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы айтқан жаңа әлеуметтік шараларды іске асыру, сондай-ақ 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларда берілген тапсырмалар мен мемлекеттің бұрын қабылданған міндеттемелерін іске асыру жоспарлануда.

Республикалық бюджет параметрлеріне мынадай өзгерістер енгізілді. Түсімдер бойынша болжам 821 млрд теңгеге ұлғаюмен 10 569 млрд. теңгені құрайды. Тапшылық 1 327 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 2,1% деңгейінде болжанып отыр және 151 млрд теңге сомасындағы өткен жылдың қалдықтарын қамтиды. 2019 жылы республикалық бюджет шығыстары 1,2 трлн теңгеге ұлғаюмен 11 895 млрд теңгені құрайды. Нақтылау жобасында қаражатты негізгі үш бағыт бойынша бөлу көзделеді.

Бірінші. Жалпы сомасы 444,3 млрд.теңгеге «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы айтқан «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру. Осы қаражат шеңберінде мыналар жоспарланып отыр:

Екінші. «Жастар жылын» өткізу шеңберінде іс-шараларды іске асыру 24,6 млрд теңге.

Үшінші. Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындау 286 млрд теңге. Осы қаражат шеңберінде Түркістан облысының және Астана қаласының кешенді даму жоспарларын іске асыру, Астана қаласында ғылыми-онкологиялық орталық салу, «Сарыарқа» газ құбырын салу, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндады.

Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд, тенге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған. Мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2019 жылы Жалпы ішкі өнімнің 8,4%-нен аспайды. Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн теңге көлемінде болжанады. Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады. Заң жобалары бойынша талқылау одан әрі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Серік Құсайынов жетекшілік ететін жұмыс тобында жалғасатын болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар