Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыз күні Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы  Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Бағаны тұрақтандыру мақсатында Арал, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдіктері жәрмеңкені Тасбөгет кентінде, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдіктері Титов қыстағы Ә.Қашаубаев көшесінің бойында өткізгелі отыр. Онда жергілікті тауар өндірушілер тұрғындарға нарық бағасынан 10-15 процентке төмен бағада өнімін ұсынады.

Мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта әр сенбі сайын Қызылорда және Байқоңыр қалаларында аудандардың қатысуымен ұйымдастырылады.