Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі табылды

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғастық шекарашылар кеше, күндізгі сағат 10:30-дар шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаста әйел адамның автокөлігінен оқ-дәрі табылды

«Қызметтік иттің көмегіне сүйене отырып әлгі әйелдің автокөлігін тексерген шекара наряды көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлы 13 дана оқ тауып алды. Оқтардың шығарылған уақыты көрсетілмеген. Автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр» делінген хабарламада.