Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Қостанай облысында жергілікті атқару органдары көрсеткен электрондық қызмет 5 есе артқан

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асхат Искендіров айтты.

Қостанай облысында жергілікті атқару органдары көрсеткен электрондық қызмет 5 есе артқан

Өткен жылы халыққа барлығы 3,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның 2,2 миллионы электрондық түрде болған. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5,3 есе артық деген сөз.

Өткен жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында  жергілікті бюджет есебінен білім беру және денсаулық сақтау салаларында 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Биыл Геопорталды енгізу есебінен 8 мемлекеттік қызмет түрі электрондық форматқа көшірілетін болады. Ол құрылыс, архитектура, жер қатынасы секілді сыбайлас жемқорлыққа жиі ұрынатын салаларда жүзеге асады.

 «Мемлекеттік қызметті автоматтандыру қызметтің сапасын арттырумен бірге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады» дейді Асхат Искендіров.

«САНДЖ» зерттеу орталығының жергілікті атқарушы органдар арасында өткізген мониторингі бойынша Қостанай облысы қызмет сапасы жөнінен екінші орында келеді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай