Сондай-ақ полиция қызметкерлері мешітке таяу маңнан жарылғыш зат толтырылған көлік тауып алған.
Қазіргі таңда күдіктілердің біреуі ұсталды. Әйтсе де полиция комиссары Майк Буш қалған қылмыскерлерді іздеу жалғаса беретінін хабарлады.
Ел премьер-министрі Жакинда Ардерн оқиғаны «Бұл Жаңа Зеландиядағы қаралы күндердің бірі» деп мәлімдеп, шабуылды қатігездіктің шыңына теңеді.
Қаладағы қоғамдық орынның бәрі жабылған. Сондай-ақ шаһарда өтіп жатқан климат жылынуына қарсы шеру де тоқтатылды.
Ардерн қаза тапқандар арасында босқындар мен мигранттардың болуы мүмкін екенін айтып, оларды ел азаматы санайтынын жеткізді. Сонымен қатар Жаңа Зеландияда қылмыскерлерге орын жоқ екенін атап өтті.
The New Zealand Herald басылымының мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлердің бірі оқиғаның алдында манифест жариялап, өз әрекетін террористік шабуыл екенін айтқан.