Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Семейліктер Наурызды бір апта тойлайды

712 реткөрсетілді

Қалада Наурызды тойлау басталып кетті. Ертіс жағалауында 14-21 наурыз күндері 11.00-15.00 уақыт аралығында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.

Ұйымдастырушылар халық осы мереке уақытынан хабардар болса деп отыр. Семей ақпараттық орталығының мәліметіне сүйенсек, 14 Наурыз- «Көктем күні», 15 наурыз -  «Алас күні», 16 наурыз – «Өнім күні», 17 наурыз – «Береке күні», 18 наурыз – «Иіс күні», 19 наурыз – «Жайнау күні», 20 наурыз – «Шаттық күні», 21 наурыз – «Үйлесім күн» .

Бір апта бойы жағалауда мерекелік концерттер, көрмелер мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көркем ұжымдардың арнайы бағдарламаларын тамашалап, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм тата алады.

- Бүгін біз көптен күткен Наурыз мейрамын тойлауды бастадық . Осы күні біздің ата - бабаларымыз ұзақ қыстан кейін бір-бірімен көрісіп , амандық сұрасатын, - деді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

22 наурызда Ұлыстың ұлы күні қаланың бес алаңында тойланады. Дәстүр бойынша басты жиындар орталық алаңда өтпек. Мұнда 14 киіз үй қойылып, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Мерекелік кешті сағат 22:00-де отшашу қортындылайтын болады, деп хабарлады ақпараттық орталық.

Раушан Нұғманбекова,

«Egemen Qazaqstan»

Семей

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар