Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері талқыланды

819 реткөрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың, «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевтың және мұнай өндіруші компания басшыларының қатысуымен өткен мәжілісте мұнай-газ секторын дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі мұнай кен орындарының табиғи сарқылуына байланысты соңғы жылдары мұнай өндіру көлемі төмендегенін айтты.

- Өткен жылы 420 мың тонна жоғалтсақ, биыл 1 млн.тоннадан астам мұнайдан айырылып отырмыз. Бұл, әрине, газ өндіру көлеміне де, өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы көрсеткішіне де әсер етеді. 2017 және 2018 жылдары мұнай, газ және уран өндірудің төмендегеніне қарамастан, біз экономиканың басқа салалары есебінен мұнай өндірудің төмендеуін өтей отырып, жалпы өңірлік өнімді 100% деңгейінде қамтамасыз еттік, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінде облысымыз үшін маңызды боп саналатын мұнай-газ саласы: мұнай мен газ экспортының көлемін арттыру және жаңа кен орындарын игеру мәселелері көтерілгенін атап өтті.

Осыған байланысты Павлодар және Шымкенттің мұнай өндіру зауыттарын шикі мұнаймен қамтамасыз ету бойынша «ҚазМұнайГазбен» шамалас батыс өңірлері компанияларының үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Жиында «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Қызылорда облысының әкімі көтерген барлық мәселелер өзекті екенін айтты.

«ҚазМұнайГаз» бұл мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады»,  деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Соңғы жаңалықтар

Жаңа заң жағдайды жақсартады

Руханият • Бүгін, 07:37

«Жасыл» жобаларға жол ашық

Қаржы • Бүгін, 07:21

30 млн тоннаға жуық мұнай өндірді

Экономика • Бүгін, 07:18

Алмақтың да салмағы бар

Экономика • Бүгін, 07:15

«Сыпайы жүр де, шаруа ойла»

Руханият • Бүгін, 07:13

Театр жылынан не күтеміз?

Өнер • Бүгін, 07:08

Электр қуаты қымбаттайды

Қоғам • Бүгін, 07:06

Автобус аз, жол ұзақ

Қоғам • Бүгін, 07:02

Қаламгер қолтаңбасы

Таным • Бүгін, 06:58

Басылым басшылары - Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973)

Басылым басшылары • Кеше

Ұқсас жаңалықтар