Ақпан айында Уфаға автокөлік алуға кеткен інісі із-түссіз кеткен соң ағасы мазасызданып полиция басқармасына арызданған.
- Жедел іздестіру іс-шараларын тез арада жүргізу қажеттілігі туындады. Башқұрстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтына өтінім жіберілді. Бұл іздестіру шараларын жеделдетуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткен қызылордалық үйіне аман-есен оралды, - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы