Даулы пункттерді алып тастадық - Абаев тілшілерді аккредиттеу жайлы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баспасөз қызметкерлерін аккредиттеу ережелеріне енгізілетін өзгерістер жобасынан даулы пункттер алынып тасталғанын, бұл мәселеге қатысты жаңа жоба таныстырылатынын мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егемен Қазақстан
15.03.2019 529
2

«Баспасөз қызметкерлерін аккредиттеу ережелеріне енгізілетін өзгерістер туралы тағы да айта кеткім келеді. Тілшілер қауымы арасында бұл сұрақ біршама пікірталас туындатқан еді. Бұл жағдайда біз ешкімнен жалтарған жоқпыз, журналистік цехпен арада қабырға салып қойған жоқпыз. Керісінше, ұсынылған өзгертулерді жетілдіру үшін біз конструктивті диалог іздейміз. Белсенділермен кездесу ұйымдастырылып, бәрі де ашық сипатта өтті. Талқылаулар мен пікірталастар, ұсыныстар айтылды», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр аталған шаралардың хаттамаларын қарастыра отырып, келесі шешім қабылданғалы отырғанын атап өтті.

«Біріншіден, өзгертулер жобасынан аккредиттеуші ұйымдардың ішкі тәртібін сақтау туралы журналистің қағаз жүзіндегі келісімі мен модератор белгілейтін регламентті алып тастауды шештік. Тиісінше, аталған шартты орындамаған журналисті аккредитациядан айыру туралы пункт де алынып тасталды. Екіншіден, журналист пен БАҚ арасындағы келісімшартты растайтын құжаттың көшірмесін тапсыру туралы пункт те алынып қалды. Шынын айтқанда, бұл - өзгертулер жобасындағы даулы тақырыптар болатын. Біз оларды алып тастап отырмыз», - дейді министр.

Дәурен Абаев, десе де, талқылау барысы аккредиттеу мәселесін әлі де қарастыру керектігін көрсетіп бергенін жеткізді.

«Біз сала өкілдерінен көптеген ұсыныс алдық. Ең алдымен, журналистің құқығы мен аккредиттеуші тараптың міндеттемесі туралы мәселелер қызу талқылануда. Жуық арада барлық ескертуді ескеретін өзгертулердің жаңа жобасы таныстырылатын болады. Құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланып, қоғамның талқысына ұсынылады», - деді Дәурен Абаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

24.03.2019

Б.Сағынтаев жаңа лауазымға тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу