Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ақтау қаласының бірнеше білім саласындағы ұйымдарын аралады.
Министр алдымен үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында №29 мектептің жағдайымен танысты. Маңғыстау облысында 157 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 140 мың астам бала қамтылуда. 2018-2019 оқу жылында өлкемізде сыйымдылығы 6300 орындық жаңа 9 мектеп пайдалануға берілді.
-Тәуелсіздік алғаннан бері Маңғыстауда 55 мектеп салынған. Алдағы үш жылда Маңғыстау облысында 8 мектеп ашылады. Олар негізінен үш ауысымда жұмыс жасайтын, ғимараттары апатты жағдайдағы мектептерді ауыстырып салынатын болады, деді К. Шәмшидинова.
Сонымен қатар, іс-сапарда Білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова Ақтау қалалық Оқушылар Орталығына барды. Қазіргі таңда, орталық қосымша білім берумен, соның ішінде өнер мен спорт (шахмат, тоғызқұмалақ, хореография, робот техникасы, планетарий, құммен бейнелеу, art студия, жас дизайнер, сәндік өнер, домбыра, гитара студиялары, english study, таеквондо, каратэ, жеңіл атлетика т.б) үйірме түрлеріне 6500 мыңнан астам бала қосымша білім алуда. Облыс бойынша 35 мыңан астам оқушыны қосымша білім беруімен қамтуда.
Қосымша білім беру ұйымының оқушылар және ұстаздарымен кездесуден соң Күләш Шәмшидинова Халел Өзбеғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі жанынандағы IT орталықтын графикалық және Веб дизайн, бейне өндірісі зертханасы, 1с бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстарды өткізуге арналған арнайы оқу кабинеттерінде робототехника, инклюзивті білім беруде компьютерлік сауаттылыққа үйрету кабинеттерімен танысты.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы