Сириядағы ахуал қалай дамымақ?
Сенбі, 21 шілде 2012 7:42
Шар Айна
Елдің күштік құрылымдарын іс жүзінде басшысыз қалдырғанДамаскідегі террактіден кейін сарапшылар Сириядағы ахуалдың дамуынекі нұсқада атауда.
Бірінші сценарий бойынша, үкімет армиясында жаппай әскерден қашу басталуы мүмкін. Ал ол Башар Асад режімінің тірегі болып табылатын ведомствоның күйреуіне әкеліп соқтырады. Екінші сценарий Сириядағы азамат соғысының ұзаққа созылатын соғысқа ұласып кетуін қарастырады.
Сенбі, 21 шілде 2012 7:42
Шар Айна
Елдің күштік құрылымдарын іс жүзінде басшысыз қалдырғанДамаскідегі террактіден кейін сарапшылар Сириядағы ахуалдың дамуынекі нұсқада атауда.
Бірінші сценарий бойынша, үкімет армиясында жаппай әскерден қашу басталуы мүмкін. Ал ол Башар Асад режімінің тірегі болып табылатын ведомствоның күйреуіне әкеліп соқтырады. Екінші сценарий Сириядағы азамат соғысының ұзаққа созылатын соғысқа ұласып кетуін қарастырады. Бұл ретте режімге адал күштер Дамаск үшін шайқасты жалғастырып, елдің өзге өңірлерінен тың күштер алып тұрады. Ал Б.Асадтың гвардиясы өзінің жауынгерлік қабілетін сақтап қалмақ. Сонымен бірге, «сириялық қарсылықтың бақылаудан тыс элементтерінің» химиялық арсеналдарды басып алу қаупінің бар екені де жоққа шығарылмайды.
Жанкешті Гуантанамо тұтқыны екен
Болгарияның Бургас қаласында израильдіктер отырған автобустыжарып жіберген терроршы-жанкешті түбірі алжирлік және финляндиялықШвеция азаматы болып шықты.
36 жастағы Мехди Мохаммад Гезали Болгарияға теракт болардан бірнеше күн бұрын Мичиган штаты берген америкалық паспортпен және жүргізушілік куәлікпен келген көрінеді. Құжаттардың екеуі де қолдан жасалған. Сонымен бірге, оның 2002-2004 жылдарда Американың Гуантанамо әскери базасындағы терроршыларға арналған түрмеде отырғаны да белгілі болып шықты. Кейін оны швед өкіметіне берген, ал олар тұтқынды босатып жіберген көрінеді. Жанкештінің дәл осы Гезали екендігі полиция әуежайдағы бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттегеннен кейін белгілі болған.
Наразылық басылмай тұр
Өткен бейсенбі күні Испанияда үкіметке қарсы наразылық акцияларықатты белең алды.
Елдің 80 қаласында ызаланған бірнеше жүздеген мың адам көшелерге шығып, ел үкіметінің дағдарысты жеңу үшін енгізген бюджетті қатаң үнемдеу шарасына өздерінің қарсылықтарын білдірді. Мадридте ереуілшілер қаланың орталық алаңына жиналды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, астанада өткен акцияға 100 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылық білдірушілердің арасында полицейлер, өрт сөндірушілер, медиктер мен оқытушылар да болған көрінеді.
Ортақ шешім болмағанына ренжіді
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қауіпсіздік Кеңесінің Сириядағыдау-жанжалды реттеуге қатысты қарар бойынша ортақ келісімге келеалмағанына реніш білдірді.
Оның айтуынша, азаматтарды қорғау тұрғысында күш көрсетуге толық тыйым салуды көздейтін Қауіпсіздік Кеңесі алға қойып отырған мақсаттарға қол жеткізу үшін және демократиялық саяси жүйеге көшуді қамтамасыз ету үшін бүгінде үлкен күш пен батылдық қажет. Осы орайда Ресей мен Қытайдың қарардың батыстық жобасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру кезінде өткізбей тастағанын еске сала кету орынды.
Екінші рет үкім шығарылды
Тунистің әскери соты елдің экс-президенті Зин әл-Абедин бен Әлидіекінші рет өмір бойына соттау жөнінде үкім шығарды.
Ол 2011 жылдың басында өткен үкіметке қарсы бой көрсетулер кезінде 45 ереуілшінің қаза болуына және жүздеген адамның жарақат алуына кінәлі деп танылып отыр. Дәл осы жаппай наразылық акциясы салдарынан Зин әл-Абедин бен Әлидің өзіне саяси баспана берген Сауд Арабиясына қашуына тура келген. Айта кету керек, экс-президентке осымен екінші рет өмір бойы түрмеде отыру жөнінде үкім шығарылып отыр.
Гей-парадқа мундирмен келетін болды
Америка өкіметі қарулы күштер қызметкерлерінің гей-парадтарға әскери киім киіп келулеріне рұқсат етті.
Пентагонның әскер қатарындағы гомосексуалдарға жасап отырған бұл жеңілдігі алғаш рет емес. Бұған дейін, яғни өткен жылы ғана гомосексуалдарға қатысы бар офицерлердің әскер қатарында қызмет етуіне тыйым салатын «сұрама – айтпа» деп аталатын принцип күшін жойған болатын. Бұл саясат АҚШ-та 1993 жылы енгізіліп, тек тоғыз айдан соң ғана күшін жойған еді. «Сұрама – айтпа» принципі өз күшінде тұрған кезеңде америкалық қарулы күштер қатарынан 14 мың қызметкердің босатылғанын да айта кету қажет.
АҚШ қорғанысқа 606 миллиард доллар бөлді
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы 2013 қаржы жылына арналған әскери шығындар мөлшерін шамамен 606 миллиард доллар деп белгіледі.
Осыған орай, қабылданған заң жобасы 518 миллиард долларды Пентагон қажеттеріне, 87,7 миллиард долларды Ауғанстандағы соғыс пен шетелдердегі өзге де операцияларға жұмсауды қарастырады. Бұл заң жобасы біздің армиямызға қамқорлық жасайды. Ол Америкаға ең жоғары деңгейде қолдау көрсетеді және оның соғыс қабілетін арттыра түседі, деп атап көрсетті ассигнованиялар жөніндегі комитет төрағасы Хэл Роджерс.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.