26 Шілде, 2012

Шар Айна

313 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шар Айна

Бейсенбі, 26 шілде 2012 7:44

Жаңа премьер тағайындалды

Египет президенті Мохаммед Мурси бұрынғы су ресурс­тары жәнеирригация министрі Хишам Кандилді елдің премьер-министрі етіптағайындады.

Сарапшылар үкіметті жасақтау кезінде Хишам Кандил бүтіндей бір проблемалар кешеніне тап болады деп болжам жасауда. «Мұсылман бауырлардың» талаптарын орындау, сонымен бірге барлық саяси партиялардың және Египет қарулы күштері жоғарғы кеңесінің қолдауына ие болу – бұл жаңа премьердің ең бірінші міндеті болмақ. Жаңа кабинетті тиімділік критерий­леріне және жоғары беделге сәйкесетіндей жасақтаймын деп атап өтті елдің жаңа премьер-министрі баспасөз мәслихатында.

 

Бейсенбі, 26 шілде 2012 7:44

Жаңа премьер тағайындалды

Египет президенті Мохаммед Мурси бұрынғы су ресурс­тары жәнеирригация министрі Хишам Кандилді елдің премьер-министрі етіптағайындады.

Сарапшылар үкіметті жасақтау кезінде Хишам Кандил бүтіндей бір проблемалар кешеніне тап болады деп болжам жасауда. «Мұсылман бауырлардың» талаптарын орындау, сонымен бірге барлық саяси партиялардың және Египет қарулы күштері жоғарғы кеңесінің қолдауына ие болу – бұл жаңа премьердің ең бірінші міндеті болмақ. Жаңа кабинетті тиімділік критерий­леріне және жоғары беделге сәйкесетіндей жасақтаймын деп атап өтті елдің жаңа премьер-министрі баспасөз мәслихатында.

Үндістандағы ұлтаралық қақтығыс

Үндістанның Ассам штатында орын алған ұлтаралық қақтығыстарсалдарынан кем дегенде 32 адам қаза тапқан.

Орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты Ассам штатында коменданттық сағат жа­рия­ланып отыр. Жергілікті тұр­ғындар мен Бангладештен келген мигрант-мұсыл­­мандар арасында болған қақтығыс салдарынан Кокраджхар және Чиранг аудандарының 170 мыңнан астам тұрғыны өз үйле­рін тастап кетуге мәжбүр болған. Құқық қорғау күште­ріне қажет болған жағ­дайда оқ ату жөнінде бұйрық берілгені де белгілі болып отыр.

 

Шекараның жабылуы нені білдіреді?

Түркия мен Сирия арасындағы шекаралық пункт­тердің жабылуынсоғыс операцияларының басталуын білдіретін белгі ретіндеқарастыруға болмайды.

Сарапшылардың пайымдауынша, Анкара өз шекараларын тек қана қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жауып отыр. Түркия мен Сирия арасындағы  900 шақырымдай қашықтықты құрайтын 13 шекаралық пункттің жабылуы Анкараның Башар Асад режіміне қатысты санкцияла­рының жаңа түрі болып табылады. Қабылданған шешімге сәйкес сәрсенбіден бастап екі ел арасында жүк көліктерінің қаты­науына тыйым салынады.

 

Иракта теракт жасаушылар белгілі болды

«Әл-Каида» халықаралық террорлық ұйымына қа­тысты «Ирак исламмемлекеті» тобының содырлары  Ирак­та болған бірнеше терактілерүшін жауапкер­шілікті өз мойындарына алды.

Осы орайда өткен дүйсенбінің Иракта соңғы екі жылдағы ең «қанды күн» болғанын айта кету керек. Ирактың 18 қа­ла­сында, соның ішінде Бағдатта 27  жарылыс орын алып, бір­неше шабуылдар жасалды. Соның салдарынан 100 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақаттанған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда «Ирак ислам мемлекеті» ұйымын иордандық терроршы Әбу Мусаб әз-Заркауи құрған көрінеді.

 

Қаралы рәсім соңы тұтқындауға ұласты

Кубалық оппозиционер Освальдо Пайи­­­­ді жерлеу кезінде 30-дан астамадам тұтқынға алынған.

Олардың арасында 2010 жылғы Сахаров атындағы сыйлықтың лауреаты Гильермо Фариньяс және Кубада аттары мәлім саяси белсенділер бар көрінеді. Жол-көлік апатынан қаза тапқан Освальдо Пайиді жерлеу Гаванада өткен болатын. Қаралы рәсімге бірнеше жүздеген адам жиналған. Бір сәтте солардың біреуі «Бостандық!» деп айқайлай бастаған. Осыдан кейін-ақ полиция адамдарды тұтқындап, таяу жерде тұрған автобустарға тиеп алып кеткен.

 

Индонезияда жер сілкінді

Индонезияның Суматра аралының батыс жағында 6,4 баллдықұрайтын жер сілкінісі болды.

Суматраның  және жақын орналасқан аралдардағы бір­қатар қалалар мен деревнялардың тұрғындары үрейден көшелерге жүгіріп шыққан. Бір егде жастағы адам жүрегі тоқтап қалу салдарынан қайтыс болған көрінеді. Сонымен бірге индонезиялық метеорологтар жер сілкінісінің қуаты цунами тудыратындай күшті бола алған жоқ деп мәлімдеп отыр. Сөз орайында Индонезияда әлемдегі ең көп ашық жанар­таулардың орналасқанын, соған байланысты елде әлем бойын­ша жер сілкінісінің өте жиі болатынын айта кету қажет.

 

Америкааралық сотты мойындамайтын болды

Венесуэла президенті Уго Чавес өз өкіметінің бұдан былай Адам құқықтары жөніндегі америкааралық  сотты мойындамайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Венесуэла ел президенті «әділдікке пародия» деп атаған ұйым қатарынан шықпақ. Аталмыш сот бұған дейін Венесуэла түрмеде отырған Рауль Диастың құқықтарын бұрмалады, оның түрмедегі жағдайы адам төзгісіз деп қаулы қабылдаған болатын. Айта кету керек, Рауль Диасқа Каракастағы Испания мен Колумбияның дип­ломатиялық өкілдіктері жанында жарылыс ұйым­дастырды деген айып тағылып отыр.

 

Италия Ресейге бет бұрды

Еуроаймақтағы дағдарысқа қара­мастан Италия Ресей экономикасына белсенді қаржы салуда.

Ел премьер-министрі Марио Монтидің Ресейге сапары барысында шамамен 6 миллиард долларды құрайтын келісім-шарттарға қол қойылуы соған дәлел болып табылады. Жасалған келісім-шарттардың негізгі бөлігі «Роснефть» компаниясымен арадағы бірлескен жобалардың үлесіне тиеді. Бүгінде Еуропа, атап айтқанда, еуроаймақ бас­тан өткеріп отырған күрделі ахуал біздің нақты және өнеркәсіптік байланыстарды нығайта түсуімізге себепкер, деп атап көрсеткен Монти Путинмен кездесу кезінде.

 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.