«Кешенді жоспардың шеңберінде ерте диагностикалауды жақсарту мақсатында 1,5 млн адамға 1 ПЭТ халықаралық ұсынымдарына сәйкес келетін елімізде қолданыстағы 4 орталыққа қосымша 6 ПЭТ орталығын құру көзделген. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде ісіктің ерекшелігіне байланысты жеке емдеу көлемін тағайындауға мүмкіндік беретін обырды молекулалық -генетикалық тестілеу міндетті болып табылады. Қазақстанда 2019 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде молекулалық-генетикалық тестілеу жүргізіле бастайды, 309 млн. теңге қосымша қаржы бөлінген. Өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректалдық обыр және тері меланомасына молекулалық-генетикалық диагностика жүргізу үшін 3 референс-зертхана (ҚазОРҒЗИ (Алматы қаласы), Қарағанды, Астана қалаларының онкологиялық орталықтары) айқындалды, және 2019 жылы 3 мыңға жуық зерттеу жүргізу жоспарланған», деді министр.
Ерте диагностикалауды жақсарту мақсатында 2019 жылы онкологиялық ауруларға күдікті пациенттерге КТ және МРТ зерттеулерін жүргізу үшін 1,6 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өнім берушілерден қызметті сатып алу жүргізуде.
Министр елімізде 2019 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іске асыралынын айтты.
«Диагностикалық қиын науқастарға халықаралық сарапшылардың телеконсультациясы, сондай-ақ маманның «екінші көзқарасы» қолданылатын гистопрепараттардың телепатологиясы енгізілуде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде онкологиялық ауруларды диагностикалауда міндетті компонент болып табылады, енді Қазақстанда 2019 жылдан бастап біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іске асыратын боламыз», деді Е. Біртанов.
Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде еліміздің 18 өңірінде ПАКС жүйесін орнату жоспарланған.
Бұл шаралар ерте диагностикалауды (0-1 сатылар) 2022 жылға 33 % -ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.