01 Тамыз, 2012

ШарАйна

282 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ШарАйна

Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:26 

Үндістан жарықсыз қалды

Бұл елде орын алған апаттан 600 миллион адам жапа шегіп отырЕлдіңсолтүстік және шығыс бөлігі қара түнекке айналып, 35 штаттың 16-сыжарықсыз қалдыМұндай апат әлем тарихында сирек құбылыссаналады

Жергілікті уақытпен Дели қала­сын­да жарық түнгі сағат екілерде сөнген. Желіде орын алған апат салдарынан ел астанасындағы бағдаршам­дар да істен шығып, 4 мыңдай жол реттеуші жұмысқа кіріскен. Үндістан билігі  жарықты  қосамыз деп жүрген­де тағы жеті штат аумағы жарықсыз қалған.

Сәрсенбі, 1 тамыз 2012 7:26 

Үндістан жарықсыз қалды

Бұл елде орын алған апаттан 600 миллион адам жапа шегіп отырЕлдіңсолтүстік және шығыс бөлігі қара түнекке айналып, 35 штаттың 16-сыжарықсыз қалдыМұндай апат әлем тарихында сирек құбылыссаналады

Жергілікті уақытпен Дели қала­сын­да жарық түнгі сағат екілерде сөнген. Желіде орын алған апат салдарынан ел астанасындағы бағдаршам­дар да істен шығып, 4 мыңдай жол реттеуші жұмысқа кіріскен. Үндістан билігі  жарықты  қосамыз деп жүрген­де тағы жеті штат аумағы жарықсыз қалған. Екінші ірі қала саналатын Калькутта да электр қуа­тынсыз қалуға мәжбүр.

Ірі есірткі партиясы тәркіленді

Австралия полициясы құны 525 миллион АҚШ дол­лары болатын героинжәне метамфетамин есірт­кісінің ірі партиясын тәркіледі. 3200керамикалық құмыраға жасырылған жарты тонналық есірткі заттарыСидней портында қолға түскен

Қазір күдікті деген 29 бен 61 жас аралығындағы жеті адам тұтқындалып отыр. Егер қылмыстары дәлелденсе, олар өмір бойы абақтыға қамалуы мүмкін. Негізінен жергілікті полиция 11 ай бұрын америкалық әріптестері тарапынан ақпарат ала салысымен іске кіріскен. Соның нәтижесінде Тайланд арқылы келген есірткі заттарын тәркілеуге қол жеткізіліпті.

Иранға санкция күшейтілді

АҚШ Конгресінің жоғарғы және төменгі палатасы Иранға қарсысанкцияны кеңейтуге қатысты заң жобасын бірлесе мақұлдадыАталғанқұжат Өкілдер палатасы мен Сенатта депутаттар «жазғы демалысқа»кеткенге дейін қабылданады деп күтілуде.

Иранға қатысты жаңа санкциялар туралы заң жобалары 2012 жылдың көктемінде қабылданған-ды. Ал қазіргісі осы елден мұнай сатып алушылар мен ядролық қару жасауға қажетті құралдарды сатқа­ны үшін жазаны күшейтуді көздей­ді. Бұл ретте Иран өз ядролық бағ­дар­ламасының бейбіт мақсатта жүргізіліп келе жатқандығын мәлімдеп-ақ келеді.

Содырлар қаруларын тастады

Тәжікстан билігі мен Таулы-Бадахшан автономиялы облысыныңбандалық топтары арасындағы келіссөздер өз нәтижесін бере бастады.Осы ел ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағандасодырлар қазіргікезде 200 дана атыс қаруын тапсырған.

Калашников автоматынан өзге қарулы жасақтар пулемет, гранатамет, тіпті зениттік қондыр­ғы­ны да әкеліп беріпті. Қаруын таста­ғандар рақымшылыққа ілігеді деп күтілуде. Айта кету керек, генерал Абдулло Назаровтың өлтірілуімен өт­кен аптада үш мыңға тарта әскери мен арнайы қызмет жауынгерлері­нің қатысуымен Хорог қаласында арнайы операция басталған болатын.

Ресейлік база орналаса ма?

Танылмаған Приднестровье республикасының президенті Евгений Шевчук пен РФ президентінің Приднестровьедегі арнайы өкілі Дмитрий Рогозиннің кездесуінде осы ел аумағында ресейлік әскери базасын орналастыру қажеттілігі айтылған.

Республика басшылығы Ресейге тек әскери базасын орналастырып қана қоймай, сонымен бірге бұрынғы 14-ші армиядан қалған аэродромды да пайдалануды ұсыныпты. Кездесуде қаржылық қолдау көрсетуі сұралса, әзірге оның мөлшері жарияланбауда. Есесіне Молдова билігі Ресей әскерінің орнына халықаралық байқаушыларды жіберу керек дегенді жиі қайталап келеді.

Неонацист атқа қонды

Германияда жаңа партия өмірге келді. Оның ерекшелігі сол, аталған саяси құрылымды құрушы неонацист әрі Холокостты жоққа шығарушы Кристиан Ворк. «Оңшылдар» неміс ұлтының тазалығы мен ГФР аумағына иммигранттарды кіргізуге қарсы екендіктерін білдірді.

Мамыр айында құрылған партия қазір көзге түсіп отыр. Жақында аталған саяси құрылым өз құрылтайларын өткізіп, басшылық құрамдарын да сайлап алған. Осы ретте Кристиан Ворк тыйым салынған ұйымдарды басқарғаны үшін де түрмеге жабылғандығын айта кеткен жөн. Енді партия 2014 жылдың нәтижесі бойынша Еуропарламентке өтуді көздеп отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Ресей дін еркіндігі жоқ елдердің тізіміне енді. Бұл жөнінде Washington Post газеті АҚШ мемдеп баяндамасына сүйеніп хабарлаған. Баяндамада сондай-ақ дін еркіндігі ерекше сақталмай отырған елдер қатарында Пәкстан, Сауд Арабиясы, Индонезия және Иран аталған.

 Қырғызстанның ТЖМ Бішкек қаласынан 40 шақырым жердегі Адыгене тау бөктерінде орналасқан Тез-Тор өзені «бөгетті жарып кетуі алдында тұр» деген мәлімет таратқан. Оған жедел жеткен арнайы топ оқиғаның анау айтқандай күрделі еместігін анықтаған.

 Зерттеулер көрсеткендей, еуроаймаққа кіретін 17 елде жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың маусымында 11,2 пайызға жеткен. Сонымен, аймақта жұмыссыздар саны артып, қазіргі таңда 17,8 миллион адам жұмыссыз. Санақ мекемесі жұмыссыздар санын 1995 жылдан бастап есепке алып келеді.

 Непал үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап туристер мен альпинистерді Эверест шыңына нұсқау­шыларсыз жібермеу туралы шешім қабылдады. Енді Непал тауларына шығам деушілер күндігі $10 болатын кем дегенде бір гидті алып жүруі тиіс. 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.