Ирактағы жарылыс
Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:40
Шар Айна
Бағдадтың шииіттер қоныстанған ауданында мина қойылған екі автокөлікжарылысынан 20 адам қаза тауып, тағы ондағаны жараланған. Жапашеккендердің көпшілігі дүкен иелері мен сол маңнан өтіп бара жатқанжүргіншілер екен. Сондай-ақ алты полиция қызметкері мерт болған.
Полиция мәліметтеріне қарағанда, алғашқы автокөлік жарылысы полиция учаскесінің тексеру-өткізу пунктінің жанында орын алған. Ал екіншісі полицияның паспорттық бөлімшесінде іске қосылыпты. Жалпы бұған дейін Иракта осындай жарылыстар мен лаңкестік әрекеттерден 100 адам қайтыс болып, 268-і жараланған-ды.
Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:40
Шар Айна
Бағдадтың шииіттер қоныстанған ауданында мина қойылған екі автокөлікжарылысынан 20 адам қаза тауып, тағы ондағаны жараланған. Жапашеккендердің көпшілігі дүкен иелері мен сол маңнан өтіп бара жатқанжүргіншілер екен. Сондай-ақ алты полиция қызметкері мерт болған.
Полиция мәліметтеріне қарағанда, алғашқы автокөлік жарылысы полиция учаскесінің тексеру-өткізу пунктінің жанында орын алған. Ал екіншісі полицияның паспорттық бөлімшесінде іске қосылыпты. Жалпы бұған дейін Иракта осындай жарылыстар мен лаңкестік әрекеттерден 100 адам қайтыс болып, 268-і жараланған-ды.
Сириядағы соғыс ширыға түсті
Сирияның үкіметтік әскері мен қарулы көтерілісшілер арасындағықақтығыс кеше Дамашық қаласының Баб-Тума және Баб-Шаркийаудандарында жалғасты. Бұл екі аудан да қаланың ескі бөлігіндеорналасқан. Соғысқа дейін бұл жерлер туристер мен әртүрлі сувенирсататындар үшін таптырмайтын орын-ды.
Бұған дейін осында тұрып жатқан христиандар бас көтерушілердің өкілдерін өз аудандарына жібермей келген. Сондай-ақ кеше қаланың ең басты магистралі саналатын Бағдад көшесі бойында да атыс болып, жарылыс орын алған. Сол сияқты соғыс елдің солтүстігінде – Алеппода жалғасын табуда. Мұнда екі жақ та қосымша күштерін тартуда.
Шенеуніктерге талап күшейеді
Ресей Думасына төрт партияның фракция депутаттары барлық деңгейдегімемлекеттік қызметшілердің шет елдерде жылжымайтын мүлкі менбанктерде есеп-шоттарының болуына тыйым салатын заң жобасынқарауды енгізіп отыр. Ол бойынша заң бұзушыға 5 миллион рубльайыппұл салынады немесе 5 жыл түрмеге жабылуы мүмкін.
Заң жобасының басты мақсаты – муниципалдық құрылым басшыларынан бастап, ел президентіне дейін шет елдерде жылжымайтын мүлік пен банктерде қаржы иеленуіне тыйым салу. Бұл олардың зайыптарына да қатысты. Егер емделу қажет болса ғана медициналық қорытынды негізінде шет елдерде есеп-шотын аша алады.
Спортшылар тәртібі қаралады
Бүкіләлемдік бадминтон федерациясы Олимпиадада әдейі ұтылып қалуғатырысқан жұптарға қатысты тәртіптік шаралар қолдануды көздеп отыр.Мұндай тәртіптік шара Оңтүстік Кореяның екі жұбына, және Қытай менИндонезияның бір-бір жұбына қатысты жүргізілмек.
Спортшыларға жеңіске ұмтылмады деген айыптар тағылуда. Федерация плей-оффқа қол жеткізіп алған ойыншылар соңғы мачта жеңіліп, келесі айналымда күшті қарсылас тап болуын қарастырған болуы мүмкін дегенді айтады. Ал ширек финалға жолдама алған төрт жұп ойыннан аластатылатын болды.
Қырғызстан теміржолға мүдделі
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол желісінің салынуына байланысты білдірген пікірінде құрылыстың қажеттігін, алайда оған қарсы саясаткерлердің артында кейбір елдер тұр дегенді айтыпты.
Президенттің сөзіне қарағанда, елдің солтүстігі мен оңтүстігін қосатын теміржол желісі Қырғызстанды біріктіре түседі. Бұл жобаны Қытайдың қолдағандығын, енді Өзбекстанның қолдауы қажеттігін жеткізген ол жоба 4-5 жыл көлемінде жүзеге асуы және де нақты жобаларға алынған несие қысқа мерзімде қайтарылуы тиіс екенін атады.
Якутияда өрт өршіп барады
Якутияда орман өрті өршіп барады. Соңғы тәулікте мұнда тілсіз жау 480 гектар аумақты шарпып, оның көлемі 2036,5 гектарды қамтыған. Осыған байланысты тағы 40 адам өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылыпты.
Табиғи апат аумағы арта түскенімен, елді мекендер мен экономикалық нысандарға ешқандай қауіп жоқ көрінеді. 1 тамызға қараған күні солтүстік көршіміз аумағында 17 табиғи өрт ошағы сақталып отыр. Жалпы өрт сөндіру жұмыстарына 555 адам, 84 техника және жеті әуе кемесі тартылған.
Қысқа қайырып айтқанда:
* Air Canada әуе компаниясы жүзеге асыратын Виктория – Торонторейсінің бір жолаушысы өзінің сэндвичінен ине тауып алған. Қазір полициятергеу амалдарын жүргізуде. Мұндай оқиға бұған дейін де АҚШ-тың Delta Air әуе компаниясы ұшақтарында төрт рет қайталаныпты.
АҚШ соты Иранға, «Әл-Каидаға» және «Талибанға» 2001 жылғы 11қыркүйекте қаза тапқандардың туған-туыстарына 6 миллиард доллартөлеп беруді міндеттеген шешім шығарды. Иран басшысы МахмудАхмадинежад өздерінің бұл оқиғаға еш қатысы жоқтығын айтыпты.
Ресейлік белгілі саясаткер Алексей Навальныйдың әріптестері өзпартияларын тіркетуге қатысты құжаттарды жинауға кіріскені мәлімболды. Жаңа саяси құрылым «Халықтық альянс» деп аталмақшы. Әзіргепартияның тек ұйымдастыру комитеті ғана бар, ал оның құрамына 20адам кірген.
Қытай АҚШ-тан Kunlun банкіне қатысты санкцияны алып тастауды талапетті. Ақ үйдің жорамалынша, қытайлық Kunlun және ирактық Elaf исламбанктері АҚШ-тың «қара тізіміне» енген ирандық қаржы институттарыменоперациялар жасасқан көрінеді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.