Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Энергетика министрі ОПЕК+ отырысына қатысты

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев 17-18 наурызда Бакуде өткен ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің отырысына қатысты. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Энергетика министрі ОПЕК+ отырысына қатысты

Мониторинг комитетінің қатысушылары 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған өндіру көлемін қысқарту туралы шешімнің оң әсерін атап өтті. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалық қорларының әлемдік көлемінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Отырыста нарықты одан әрі тұрақтандыру үшін ОПЕК+ келісіміне қатысушы барлық елдер қабылдаған міндеттемелерді сақтауды жалғастыру қажеттігі туралы тағы да атап өтті.

Қазақстан отырысқа қатысушыларды 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша өндірісті қысқарту жоспарын орындау ниетін білдірді. 

Сондай-ақ, мониторинг комитетінің кездесуі аясында Қ.Бозымбаев Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен, Әзірбайжан Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, онда тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар аспектісін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында ОПЕК + елдері өндіруді 1,2 млн баррельге қысқарту туралы кезекті шешім қабылдады. Қазақстан өндіруді 40 мың баррельге қысқарту бойынша өзіне міндеттеме қабылдап, осы шешімге қосылды./ тәулігіне 1,86 млн баррельге дейін./ тәулік (тәулік сайын өндіру).

ОПЕК + келісімі мұнай нарығын тұрақтандыруға елеулі әсер етті. Мәміле мұнай бағасын 60-70 доллар дәлізде бекітуге көмектесті және мұнай бағасының бұрын байқалып отырған жоғары құбылмалығынан көшу.