Қазақстан • 18 Наурыз, 2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

633 реткөрсетілді

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына бірінші вице-министр Сапаров Айдарбек Сейпілұлын таныстырды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 наурыздағы Қаулысымен Сапаров Айдарбек Сейпілұлы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 ж.ж. – зоотехник-орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.

1995-2003 ж.ж. – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.

2003-2005 ж.ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

2005-2006 ж.ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

2006 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008-2010 жж. – Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.  

2011 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Күн тәртібі белгіленді

Қазақстан • Бүгін, 10:07

Аралар ұясындағы ұйқы – ем

Аймақтар • Бүгін, 09:59

Кезекті финалист анықталды

Аймақтар • Бүгін, 09:58

Сағынышқа толы суреттер

Руханият • Бүгін, 09:52

Кәсіпорындар да шет қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 09:41

Ел тағдырына әсер етеді

Аймақтар • Бүгін, 09:34

Ұқсас жаңалықтар