Әлем • 18 Наурыз, 2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Индонезиялық Папуа провинциясында су тасқынынан қаза тапқандар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі іздестіру-құтқару қызметінің өкіліне сілтеме жасай отырып.

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

Бұған дейін 40 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті деп хабарланған.

Агенттіктің ақпараты бойынша, су тасқыны Джаяпура ауданына қатты әсер еткен. Құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткен ондаған адамды іздестіру операциясын жүргізіп жатыр.

Сенбі күні провинцияның солтүстік-шығыс бөлігінде көп жауын жауған. Бұдан бұрын хабарланғандай, кем дегенде тоғыз үй мен екі көпір зақымдалған. Қазіргі уақытта үйлері үйі зақымданған 120-ға жуық азамат үкіметтік мекемелердің ғимаратына көшірілді. Бірақ іздеу-құтқару командасы су тасқынынан зардап шеккен аудандардың барлығына жете алмады.