09 Тамыз, 2012

Шар Айна

330 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шар Айна

Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:24

Топан су астында қалды

Филиппин астанасында күшті тропиктік жауын-шашын жалғасудаҚазіргітаңда Манилада су тасқы­ны салдарынан 16 адам опат болып, 80мыңдайы бас­паналарынан айырылып отырЖергілікті билікМа­ниланың кейбір аудандарында су деңгейі бір жарым метрденасқандығын айтады.

 

Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:24

Топан су астында қалды

Филиппин астанасында күшті тропиктік жауын-шашын жалғасудаҚазіргітаңда Манилада су тасқы­ны салдарынан 16 адам опат болып, 80мыңдайы бас­паналарынан айырылып отырЖергілікті билікМа­ниланың кейбір аудандарында су деңгейі бір жарым метрденасқандығын айтады.

Ауа райын болжаушылар жауынның сәрсенбі күні де тоқтамайтындығын болжап отыр. Әскерилер, полиция мен еріктілер су басып қалған үйлерден адамдарды құтқаруда. Алайда кейбір тұрғындар өз мүліктерінің тонаушылыққа ұшырайтынын алға тартып, кетуден бас тартуда. Жалпы шілденің соңында орын алған «Саола» тайфуны 50 адамның ажалына алып келген.

Синай түбегі әуеден атқыланды

Египет әскері Израиль шекарасынан онша қашық емес Синай түбегінеәуеден бірнеше рет соққы жасадыЕгипеттегі «Аль-Ахрам» мемлекеттікбасылымының дерегіне қарағандаәуе шабуылынан 20 содырлардыңкөзі жойылған.

Шейх-Зайед қаласында содырларға соққы беру олар тарапынан 5 тамызда орын алған бақылау-өткізу пунктіне жасалған шабуыл салдарынан 16 египеттік шекарашылардың өлімімен байланыстырылып отыр. Египет билігі бұл қылмысқа палестиналық содырлардың қатысы болуы мүмкін дегенді айтады.

Ірі айыппұл салынды

Өзбекстанның монополияға қарсы органы ресейлік МТС ұялы байланысоператоры болып табылатын жергілікті «Уздунробита» компаниясына 80миллион доллар айыппұл салдыАлайда ұялы байланыс операторымұндай шешіммен келіспей отыр.

Өзбек билігі мен МТС арасындағы дау үстіміздегі жылдың маусымынан бері жалғасып келеді. Жергілікті құқық қорғау органдары «Уздунробита» компаниясына салық төлеуден жалтарды, сауда ережесін бұзды және қаржыны жылыстатуда деген айып тағып отыр. Бас прокуратура компания басшылығы әкелген шығынды 700 миллиард сумға (370 миллион долларға) бағалаған.

Арандатушылық деп бағалайды

Сирияда өлтірілді деген Ресей ар­мия­сының генерал-майоры Владимир Кужеев тірі болып шықты. Ол Мәскеуде тұрып жатыр. Бұл жөнінде ресейлік күш құрылым­дары­ның дерегіне сілте­ме жасай отырып, «Интерфакс» агент­тігі хабарлады.

Агенттіктің таратқан ақпараттары бойынша, ресейлік генерал шын мәнінде Сирия қорғаныс министрінің кеңесшісі болған. Бірақ бұдан біршама уақыт бұрын В.Кужеев запасқа шығып, Сириядан Ресейге оралған. «Бұл ақпарат менің отаныма жасалған арандатушылық болып табылады» деген ол сұхбатында. Ресей генералының өлімі туралы кеше ертеңгілік «Әл-Арабия» телеарнасы хабарлаған болатын.

Дипломатиялық дауға нүкте қойылды

Белоруссия Швециядағы елшілігінің қызмет­кер­лерін толық құрамда кері шақыртып алатын болды. Бұл жөнінде осы елдің сыртқы істер ведомствосы мәлімдеп отыр. Мұндай қадам екі ел арасындағы дипломатиялық даудан кейін орын алған.

Министрлік мәліметіне қарағанда, шведтік билік Белоруссияның екі аға дипломатын елден шығарып, жаңадан сайланған белорустық елшіні қабылдамай тастаған. Осылайша Стокгольмдегі елшілік миссияға басшылық жасауға құзырлары кемшін екі кіші дипломатпен қалған. Елшілік толыққанды жұмыс істей алмайды деп шешкен белорустықтар қалған дипломаттарды да елге кері шақыртып алу туралы шешім қабылдапты.

Жерден басып алу басталды

Сирияның үкіметтік әскері кеше таңертеңгісін Алеппо қаласына жерден басып алу операциясын бастады. Белгілі болғандай, Дамаск тас жолы өтетін басты Салахуддин ауданының көпшілік кварталдарын көтерілісші­лер­ден тазартуға қол жеткізілген.

Алайда басқа дерек көздері жағдайдың тіпті де өзгеше екендігін келтіреді. Олардың мәліметінше, Салахуддин ауданы әлі де көтерілісшілер қолында көрінеді. Бұған дейін сириялық телеарна осы ауданды үкіметтік әскерилері басып алғандығын хабарлаған-ды, артынша осында бағытталған бронды техникалар толық жойылғандығы белгілі болған. Соңғы мәліметтер аудандағы ғимараттардың 60 пайызы бұзылғандығын келтіреді.

Қысқа қайырып айтқанда:

 АҚШ-тағы Калифорния штатының Ричмонд қаласында орын алғанChevron мұнай айдау зауытынан шыққан өрт бір тәуліктен кейін ғанаауыздықталдыКүніне 245 мың баррель мұнайды айыратын зауыттанөрт шыққаннан кейін бензин бағасы айтарлықтай қымбаттаған.

 Lloyds банкінің қызметкері Джессика Харпер алаяқтықпен осы қаржыұйымынан 2,5 миллион фунт стерлинг ұрлағандығын мойындаған.Харпер қолдан төленіп беруі тиіс есеп-шот жасапақшаны өзінеқалдырып келіптіСондай-ақ 50 жастағы Харпер аталған банк жүйесіарқылы ұрланған қаржыларды аударып отырған.

 Неміс парламентінің 121 депутаты Pussy Riot панк-тобының үшқатысушысының әрқайсысын үш жыл бас бостандығынан айыружазасына кесу туралы шешімнен қорғауға қатысты хатқа қол қойған.Бундестагтағы барлық фракциялар өкілдері қол қойған үндеу хатГерманиядағы ресейлік елшіге табысталыпты.

S&P болжамыншаГрекияның ІЖӨ 2012-2013 жылдары 10-11 пайызғадейін қысқарадыМұндай теріс көрсеткіш жақын 12-18 ай ішінде елрейтингісінің тағы төмендейтіндігін білдірсе керекБұған дейінГрекия үкіметі қысқа мерзімдік қарыз алу арқылы дефолттанқұтылады деп мәлімделген болатын.

 

Интернет материалдары  негізінде әзірленді.