Жақын халықтардың жағаласпағаны жөн
Жұма, 10 тамыз 2012 19:41
Чешен республикасы мен Ингушетия республикасы – Ресей Федерациясы құрамындағы тағдыр қосқан көрші елдер. Федерацияның басқа нысандарындағыдай емес, бұл екі республика арасында шекара да белгіленбеген. Соған қарамай, аралары онша жақсы емес, әркез кикілжің туып жатады.
Жақында тағы сондай кикілжің туды – екі республика басшылары болмас нәрсеге сөзге келіп қалды. Ең жаманы – мұның арты екі туысқан халықтың арасын айтарлықтай ажырату қаупі бар. Амал жоқ, мұны сол ел басшыларының таяз ойлайтындарына апарып тірейсің.

Дау былай туған. Ингушетияның Галашки селосында лаңкестердің үш жасақшысы жойылады. Соны Чешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров өз елінің арнаулы күштері көрші елдің аумағында табысты операция өткізіп, лаңкестерді жойды, деп мақтан мәлімдеме жасаумен қатар, Ингушетияны лаңкестерге қарсы жөнді күрес ұйымдастырмай отыр деп сынап та кетті. Оған Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровтың жауабы көп кешіккен жоқ: «Егер Чешенстанның құқық қорғау орындары адамдарының осында келіп, екі өлік пен бір жаралыны алып кеткенін арнаулы операция дейтін болсақ, біз оны растаймыз, ол шындыққа сай келеді», деді.
Мұндай кекесін жауапқа Чешенстанның басшысы Р.Қадыров шарт кетіп, айқайға басты. «Егер Ингушетия билігі бұдан әрі де чешендердің атына достыққа жатпайтын сөздер айтатын болса, екі республика арасындағы әкімшілік шекараны қайта қарайтындығымен қорқытты. Екі республика арасында жер дауы бар. Сунжен ауданын бөлісе алмай жүр. Содан да шекара әлі белгіленбей отыр.
Ал екі республика арасындағы кикілжің біраздан бері созылып келеді. 2009 жылы Ингушетия басшысына қастандық жасалып, ол ауруханада жатқанда, оның орнына қалған үкімет премьері Рашид Ғайсановқа Р.Қадыров келіп, чешен күштерімен Ингушетияда тәртіп орнатуды ұсынған. Бірақ ингуштар «чешендердің басып кіруіне» қарсы шықты. Өз жерлерінде өздері тәртіп орната алатындарын айтты.
Содан кейін де Қадыров бірнеше рет бірлескен шаралар өткізуді ұсынды. Оны Евкуров әркімнің өз жері бар, әркім сонда өздері әрекет еткені жөн деп қабылдамады. Бұл үшін Қадыров өз әріптесін «чешен мен ингуш халықтарының арасына от тастады» деп айыптайды. Мұндай шекісу екі республика басшылары арасында үнемі кездесіп қалады. Және бұдан шын мәнінде чешендер мен ингуштар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсетіні де анық.
Бұл жерде олардың біреуін айыптап, екіншісін мақұлдау да қиын. Тереңірек ойлаған басшылар мұндай шекісуге бармас еді. Тағдырдың талайымен өз тәуелсіздігіне әлі толық жете алмаған туысқан халықтардың қашанда бір-бірімен тату өмір кешкені айрықша маңызды. Олардың басшыларына бұл парыз іс.