15 Тамыз, 2012

Шарайна

280 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сәрсенбі, 15 тамыз 2012 7:33

Брейвикті босатуды талап етті

Норвегиялық саясаткерлер мен газет редакторлары «Тамплиер орденібасшысының орынбасары» қол қойған терроризм үшін айыпталғанАндерс Брейвикті ақтап, босату жөнінде қорқытып талап қойылған хаталған.

«Біздің комендантені ақтауды және оның іс-әрекетін осы соғыстағы қажеттілік принципі деп мойындауды талап етеміз», делінген хатта. Соңында автор өз жолдауын «ескерту» деп атап, Брейвиктің қолға түскеннен кейін сотта алға тартқан талаптарына өте ұқсас талаптар қояды. Автор бұл талаптар орындалмаған жағдайда елдегі «қоғамның бетке ұстар тобын» құртып жіберетінін айтып қорқытады.

 

Сәрсенбі, 15 тамыз 2012 7:33

Брейвикті босатуды талап етті

Норвегиялық саясаткерлер мен газет редакторлары «Тамплиер орденібасшысының орынбасары» қол қойған терроризм үшін айыпталғанАндерс Брейвикті ақтап, босату жөнінде қорқытып талап қойылған хаталған.

«Біздің комендантені ақтауды және оның іс-әрекетін осы соғыстағы қажеттілік принципі деп мойындауды талап етеміз», делінген хатта. Соңында автор өз жолдауын «ескерту» деп атап, Брейвиктің қолға түскеннен кейін сотта алға тартқан талаптарына өте ұқсас талаптар қояды. Автор бұл талаптар орындалмаған жағдайда елдегі «қоғамның бетке ұстар тобын» құртып жіберетінін айтып қорқытады.

Күрд содырлары белсенді әрекетке көшуде

Батыстың Башар Асадқа қарсы жарияланбаған соғысына белсендіатсалысу  Түркияны ең бір теріс зардаптарға апарып соқтыруы мүмкін.

Күрдтердің сепаратистік ауданындағы  әскердің Алеппо ауданына қарай шоғырлануы Күрд жұмысшы партиясы содырларының белсенділігін арттыра түскен. Түркияның 1984 жылдан бері өзінің оңтүстік-шығыс шекараларында тәуелсіздік үшін күрескен күрдтермен аяусыз ұрыс жүргізіп келе жатқаны белгілі. Енді міне, соңғы күндердегі оқиғаларға байланысты жаңа соғыс өртінің тұтану қаупі туындап отыр. «Біз террорлық топтардың Сирияның солтүстігінде бекінуіне және Түркияға қатер төндіруіне жол бермейміз», деп атап көрсеткен Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Ердоған.

 

 Пәкстан тәліптерге қарсы операцияны бастамақ

Пәкстан армиясы таяуда Ауғанстанмен шекара­дағы Тайпалар аумағында жасырынып жүрген «Талибан» қозғалы­сы­ның содырларына қарсы операцияны бастамақ.

Бұл туралы Пентагон басшысы Леон Панетта мәлімдеген. Ол пәкстандық жаяу әскерлер  бас қолбасшысы генерал Ашфак Первез Кайанидің  осы опера­цияны Ауғанстандағы америкалық күштердің қолбасшысы Джон Алленмен талқылағанын атап көрсеткен. Сонымен бірге тамыздың басында АҚШ-тың Пәкстанға қолдау көрсету үшін Коалициялық қордан 1,1 миллиард доллар қаржы бөлгені де белгілі болып отыр.

 

Зілзала құрбандарының саны 300-ге жетті

Иранда орын алған алапат зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 306 адамға жетіп отыр.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  құрбан болғандардың нақты саны туралы айтуға әлі ертерек, өйткені құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Көптеген қаза болғандар үйінділер астында қалған көрінеді. Мұның сыртында 3 мыңнан астам адамның түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алғаны да белгілі болып отыр. Жергілікті ауруханалар шұғыл медициналық көмекті қажет ететін адамдарға жәрдем көрсетіп үлгере алмауда. Сол сияқты дәрі-дәрмек жетімсіздігі де айқын сезіліп отыр.

 

Әйелдер үшін қала тұрғызбақ

Сауд Арабиясы өкіметі  шариғаттың қатаң заңдары мен әйел тұрғындардың карьера жасауға деген ұмтылысы өзара үйлесім табатын индустриялық қала тұрғызбақ ниетте.

Елдің муниципалитет және ауыл шаруашылығы істері жөніндегі министрі бұл шешімге қолдау білдірді және шенеуніктер болашақ қаланың  дизайнын әзірлеуде. 2013 жылы құрылыс компаниялары арасында тендер өтпекші.  Жаңадан тұрғызылатын қалада әйелдер иелік ететін өндіріс орындары мен нәзік жандылар үшін өнімдер шығаратын фабрикалар орналастырылатын болады.

 

Бас хатшы Сириядағы миссия міндетін өзгертпек

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Сириядағы ха­лық­­аралық бақылау­шы­лар миссиясын гумани­тар­лық қызметкерлер және келіссөз  жүргізушілер миссиясына алмастыруды ұсын­ды.

БҰҰ Сирия халқына осынау орын алған дағдарысқа нүкте қою үшін қажетті көмек көрсетуді тоқтата алмайды, сондықтан  қалыптасқан ахуалға қарай бейімделу қажет, деп атап көрсетілген баяндамада. Бұған дейін БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Сюзан Райс Сирияда қазіргі кезде  БҰҰ миссиясының мандатын одан әрі созуға келетіндей жағдай жоқ деп мәлімдеген болатын. Айта кету керек, миссия мандатының мерзімі 19 тамызда аяқталуы тиіс.

 

Рим Папасының камердинері сотқа тартылды

Ақпараттың тарап кетуіне күдікті деп танылған Рим Папасының камердинері Паоло Габриэле ауыр жағдайларда  ұрлық жасады деген айыппен сот алдында жауап бермек.

Габриэлемен бірге оның сыбайласы Ватиканда жұмыс істеген компьютер сарапшысы Клаудио Шарпелетти де сотқа тартылмақ. Айта кету керек, Рим Папасының қызметкері католик шіркеуінің басшылығына қатысы бар құпия құжаттардың өз үйінен табылуына байланысты 23 мамыр күні тұтқынға алынған болатын.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.