Күллі Қазақстан жанкүйерлері Элизабет Тұрсынбаевға үміт артуда. Бізге жеткен мәлімет бойынша Күн шығыс еліндегі жаттығуы барысында ол осы спорт түріндегі ең күрделі әдістердің бірі – Сальхов төрттігін үш мәрте орындауға бел буған екен. Екеуі сәтті шығып, біреуінде азды-кемді кемшілік кетті. Десек те осы жайттың өзі кеудеге сенім ұялатады. Егер осы әдісті ол сәтті орынбайтын болса, онда Тұрсынбаеваның жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндігі бар.
Элизабет жарысты ертең бастайды. Сол күні әйелдер қысқа бағдарламада сайысқа түседі. Ал еркін бағдарлама бойынша бәсеке 22 наурызда өтеді. Осы жаттығулардан кейін жарыс жеңімпазы мен жүлдегер анықталады. Ал ерлер арасндағы жарыста қай өрендердің бағы жанатыны 23 наурызда белгілі болады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»