19 Наурыз, 2019

Дубайдан бас жүлдемен оралды

1054 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Коммуникациялар қызметкенде өткен брифингте Қызылордалық оқушылардың Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас жүлде алғандығы айтылды.

Дубайдан бас жүлдемен оралды

Атап айтқанда, конференцияға биология бағыты бойынша Айдарбек Дана Тұрсынқызы, Байғабылова Аймерей Қайратқызы, Кобдиков Афрасняб Азаматұлы және Ақмұрат Шахризада Жамилқызы өз жобаларын ұсынған болатын. Қазылардың таразылауы бойынша Айдарбек Дана Тұрсынқызы мен Байғабылова Аймерей Қайратқызына бас жүлде бұйырды.

Бұған дейін олар «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастырымен өткен конференцияның республикалық кезеңіне қатысып, халықаралық конференцияға жолдама алған болатын.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ