Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Биылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4 пайызға төмендеді

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4% төмендеді, импортталатындарға 1,6%-ға жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4 пайызға төмендеді

Өткен айда экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 3,9%, қара метал илегіне – 2%, хром кендеріне – 1,7%, мырышқа 0,8%-ға төмендеді, көмірге – 11,8%, мыс кендеріне – 3,6%, қорғасынға – 3,2%, қара металдардан жасалған бұйымдарға – 2,9%, ферроқорытпаларға – 2,1%, алюминийге – 2%, марганец кендеріне – 1,9%, порландцементке 1,6%-ға жоғарылады. Бағаның мақтаға – 3,4%, бидай және арпаға – 1,9%-дан, жүнге 0,4%-ға жоғарылауы тіркелді.

Импортталатын өнімдерден көкөністер – 20,6%, темекі – 5,6%, шұжық өнімдері – 4,8%, кофе – 4,2%, балық – 3,2%, құс еті – 2,5%, шай – 2,4%, маргарин 2%-ға қымбаттады, өсімдік майы 0,6%-ға арзандады. Баға құрылыс материалдарға – 1,3%, пластмассаға 1,1%-ға жоғарылады, аяқкиімге – 1,3%, былғарыға – 1,1%, қағазға 0,6%-ға арзандады.