«Мұндағы шаруалар күз айларында басталған. Ауа райына байланысты құрылыс қарқыны аздап баяулады. Алайда күннің ерте жылынғанын пайдаланып, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып алдық. Қазіргі таңда негізгі шаруалар аяқталды, ішкі әрлеу ісіне кірістік. Сәтін салса, сәуір айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 26 азамат тартылған. Қолданып жатқан қажетті материалдардың барлығы өзіміздің елден шыққан өнімдер», – деді учаске бастығы Батыр Төлегенов.
Сала мамандарының сөзінше, мұражайды салудағы мақсат – тарихы тереңде жатқан аудандағы құнды жәдігерлерді, өңірдің тарихынан сыр шертетін түрлі тарихи бұйымдарды жинақтап, бір жерге шоғырландыру. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан ғимаратта құнды дүниелерді ұзақ сақтау үшін мұражайға лайық барлық талаптар сақталатын болады. Айта кетейік, тарихи атауды иеленген ауданда бұрын-соңды арнайы салынған мұражай болмаған.