Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

1137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туылған. Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде 1998-2002 жылдар аралығында заңгер мамандығы бойынша, сондай-ақ, 2005-2006 жылдар аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде экономист мамандығы бойынша,  2010-2011 жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында білім алған. Сондай-ақ Дьюк Университетінде 2014-2016 жылдары халықаралық саясат факультетінің магистратурасын тәмамдаған.

2003-2005 жылдары Құрылыс басқармасының бас маманы;

2005-2007 жылдары Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы;

2008-2009 жылдары Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2009-2011 жылдары Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі;

2011-2013 жылдары Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі;

2016 жылы Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі;

2017 жылы Премьер-Министрдің кеңесшісі;

2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.