19 Наурыз, 2019

Ұлттық мұражайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұсаулары кесілді

785 реткөрсетілді

Іс-шара қазақтың киелі салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Қазақстанның Ұлттық музейінде «Жақсылық жаса» атты халық жобасы аясында «Тұсау кесер» қайырымдылық жобасы өтті. Мұражай осы жобаны төртінші жыл қолдап, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін дәстүрлі түрде өткізеді.

«Биыл біз Наурыз мейрамын ерекше форматта қарсы аламыз. Қазақтар үшін «жеті» саны қасиетті болып табылады. Осыған байланысты белгілі адамдар балалар үйінде тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің тұсауын кеседі. Алдағы уақытта осы балалармен жұмыс істеу аясында оларға көмек көрсету және оларды жан-жақты қолдау жалғастырылатын болады. Болашақта біздің акция республика бойынша жалғасын тапқанын қалаймыз», – деді Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы Алмаз Оразхан.

Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, белгілі әнші Майра Ілиясова мен Айгүл Қосанова, Токио университетінің профессоры Кенетако Майузато, Қазақстандағы Еуроодақ Елшісі Свен-Олов Карлссон, археолог, профессор Жамбыл Артықбаев және белгілі филолог, ақын Аманжол Алтаев қатысты.

Барлық балаларға сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 10:57

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

Аймақтар • Бүгін, 09:57

ММА: UFC-ді сынға алды

Спорт • Бүгін, 09:20

Жұдырықтай жұмылайық

Руханият • Бүгін, 07:45

«Москваның» мәселесі көп

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Зауалды бірлік жеңеді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жастар ауылдан кетпейді

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Игіліктің бәрі халық үшін

Саясат • Бүгін, 07:25

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономика • Бүгін, 07:24

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

Руханият • Бүгін, 07:17

Гүлзада тіккен бетперде

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Елін өрге сүйрейтіндер

Руханият • Бүгін, 07:06

Бас қала әуежайының коды өзгерді

Қазақстан • Бүгін, 06:59

Төрімізде тұруы тиіс

Абай • Бүгін, 06:46

Ұқсас жаңалықтар