Премьер-министр көз жұмды
Сәрсенбі, 22 тамыз 2012 7:32
Елді 20 жылдан астам басқарған Эфиопияның премьер-министрі Мелес Зенави қайтыс болды. «Франс-пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол шет елде емделіп жатқанда өмірден озған.
Премьер-министр 21 тамызға қараған түні қайтыс болса керек. 57 жастағы саясаткердің қандай аурумен ауыратындығы жөнінде нақты ақпарат жоқ. Дерек көздеріне қарағанда, М.Зенави екі айдан бері халық алдына шықпаған. Ол Брюссельде емделіп жатқан көрінеді. Эфиопияның конституциясына сәйкес, енді министрлер кабинетін уақытша басқару вице-премьер Хайле Мариам Дезалейнге жүктеледі.
Сәрсенбі, 22 тамыз 2012 7:32
Елді 20 жылдан астам басқарған Эфиопияның премьер-министрі Мелес Зенави қайтыс болды. «Франс-пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол шет елде емделіп жатқанда өмірден озған.
Премьер-министр 21 тамызға қараған түні қайтыс болса керек. 57 жастағы саясаткердің қандай аурумен ауыратындығы жөнінде нақты ақпарат жоқ. Дерек көздеріне қарағанда, М.Зенави екі айдан бері халық алдына шықпаған. Ол Брюссельде емделіп жатқан көрінеді. Эфиопияның конституциясына сәйкес, енді министрлер кабинетін уақытша басқару вице-премьер Хайле Мариам Дезалейнге жүктеледі.
Біраз қаржысын тұтқындады
АҚШ билігі «Хизбалла» ливандық ислам қозғалысының жылыстату сипатындағы 150 миллион доллар болатын қаржысын тұтқындағанын мәлімдеді. Бұл мәселеде ливандық-канадалық банк негізгі рөл ойнаған сияқты.
2011 жылдың ақпанында америкалық қаржы қылмысымен күрес жөніндегі бюросы аталған банкке өзінің қызметін АҚШ-тың қаржы жүйесінде жүзеге асыруға тыйым салған еді. Ал өткен жылдың желтоқсанында Нью-Йорктың федералдық соты «Хизбалла» қозғалысын есірткі сатудан және басқа да қылмыстардан түскен қаржыны банктер арқылы жылыстатты деп айыптады. Кейбір мәліметтер бойынша, олар 2007-2011 жылдар аралығында осы үлгімен 329 миллион доллар аударған.
Сот шешімін сынға алды
Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің басшысы Михаил Федотов «Pussy Riot» тобына қатысты шығарылған шешімді сынады.
«Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында ол сот шешімін «қателік» деп мәлімдеді. Федотов, сондай-ақ бұл қателікті жоғарғы сот инстанциясы түзетеді деген үмітте екенін де айтқан. Сұхбатында ол мұндай әрекет істегендерге 1845 және 1885 жылдардың өзінде екі жыл емес, 3 айдан 8 айға дейінгі мерзім белгіленгенін мысалға келтіріпті. Айта кетейік, аталған топтың үш әншісі шіркеуде келемеждік сипаттағы ән айтқаны үшін әрқайсысы 2 жыл мерзімге сотталған болатын.
Көппартиялы жүйеге көшпек
Кеше Ашгабадта Түркімен өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері партиясының құрылтай съезі жұмысын бастады. Жергілікті басылымдардың жазуынша, съезд жұмысына 300 делегат қатысуда.
Құрылтайда партияның жарғысы бекітіліп, басшылық құрамы сайланады. Егер партия тіркеуден өтетін болса, еңдігі, екінші саяси партия болмақ. Бүгінде бұл республикада тек бір ғана партия – демократиялық партиясы жұмыс істеп келді. Осылайша, Түркіменстан көппартиялы жүйеге көшуге ниеттеніп отыр. Жаңадан құрылатын партияға мемлекет басшысының жақын досы Александр Дадаев жетекшілік ететін көрінеді.
Қоғам қарсылығын тудырды
Германия билігі елдің бұрынғы президенттерінің зейнетақысын көтеру жөнінде шешім қабылдады. Ол 2013 жылғы бюджет жоспарына енгізілмек. Бірақ, бұл неміс қоғамының қарсылығын тудырып отыр.
Егер бұрынғы президенттердің зейнетақысы өсірілген жағдайда, оларға қосымша 18 мың еуродан қосылады екен. Сонда бұрынғы мемлекет басшылары жылына 217 мың еуро зейнетақы алатын болады. Либералдық партияның мүшесі, бюджет саясаты жөніндегі сарапшы Юрген Коппелин жемқорлыққа байланысты айып тағылып, отставкаға кеткен экс-президент К.Вульфқа, қазіргі кезде көзі тірі бұрынғы президенттерге зейнетақыға қосылатын қосымшадан бас тартуды ұсынды.
Көтерілісшілер кімдер?
Әлемдегі бірқатар елдердегі радикалды исламшылар сириялық көтерілісшілерге көмектесу үшін Алеппоға келген сияқты. Бұл жөнінде австралиялық АВС радиосы хабарлады.
«Гардиан» басылымының тілшісі Мартин Чуловтың айтуынша, Сирияда қақтығыс басталған 18 айдан бері жақсы даярлықтан өткен қарулы содырларды өз көзімен көрген. Олардың көпшілігі Сауд Арабиясы, Сенегал, Пәкстан, Алжир, сондай-ақ, Өзбекстан мен Чешенстаннан келгендер көрінеді. Олардың барлығы бірден майдан шебіне жіберілген.
Қысқа қайырып айтқанда:
*Ингушетия президенті Ю.Евкуров полиция қызметкері И.Кориговты жерлеу кезіндегі жарылысты ұйымдастырған терроршылар жетекшісі Доку Умаров екенін мәлімдеді.
* Солтүстік Кореяның «Экономикалық зерттеулер» журналында социалистік мемлекетте еңбекшілер табысының деңгейі жаппай тұтынатын тауарлар бағасымен сәйкес болуы қажеттігі жөнінде мақала жарияланды. Бұл, еңбекақы көбейтіледі дегенді білдіреді.
* Украинаның Николаев қалалық кеңесі орыс тіліне өңірлік мәртебе берумәселесін қарады. Тіркелген 68 депутаттың 60-сы жақтап дауыс берді.Оның соңы жаппай төбелеске ұласты.
*БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Иран президенті М.Ахмадинежад пен елдіңжоғарғы көсемі А.Хаменеиді Израильге қарсы пікір білдіргендері үшінсынға алды.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.