Аймақтар • 19 Наурыз, 2019

Көкшетаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

591 реткөрсетілді

2018 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып, есептік кезеңде 108 процент өсімді құраған. Кәсіпкерлікті кешенді қолдау мақсатында Елбасы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін жалғастыруды тапсырды.

– Бағдарламаның барлық салалары бойынша ақмолалық кәсіпкерлерге 7 миллиард теңге қаржылай көмек көрсетілді. Соның ішінде, тек өткен жылда кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға 2 миллиард теңге қаржы жұмылдырылды. Елбасы Жолдауында бағдарламаның ұзартылатыны айтылған болатын. Тиісінше, кәсіпкерлерге  қаржылық қолдау көлемі де артады,-дейді облыстық «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының директоры Руслан Ахметов.

26 жыл ұстаздық қызмет атқарған Елена Бугаенко бүгінде табысты жеке кәсіпкер.  Ол өз ісін бастауға бел буып, «Даму» қорына жүгінеді. Осы қордың нақты көмегінің арқасында ойға алған ісі оңынан оралыпты. Демек, қолдауды айқын сезініп отыр.

– Алғаш кәсіп бастағанымда ғимарат, қаржы тапшылығын сезіндім.  Бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектебінде қызмет істеп едім. «Даму» қорының мамандарымен бірлесіп, жобамды жүзеге асырдым,-дейді «Буратино» мектепке дейінгі білім беру орталығының жетекшісі Елена Бугаенко.

Бүгінде орталықтың жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындап отыр. Кәсіпкер бұл жолы да «Даму» қорымен бірлесіп қызмет атқаруға ниетті. Өз ісін кеңейтуді ойға алған кәсіпкерлердің бірі – Константин Луговицкий. Тіс дәрігері бизнестегі алғашқы қадамдарын толғаныспен еске алады. Ол өтпелі кезеңде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы көсегесін көгерткен.

–Бизнесімді алғашқыда кішкентай кабинеттен бастадым. Кейін кәсібімді кеңейту керек болды. Алайда, қажетті қаржым жоқ еді. «Даму» қоры банкке кепіл ұсынып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы несие алдым,–дейді тіс дәрігері Константин Луговицкий.

 «Бизнестің жол картасы»  бағдарламасы Елена Бугаенко мен Константин Луговицкий тәрізді мыңдаған азаматтарға жол көрсетті. Демек, бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Kóp til bilý kedergi me?

Қоғам • Бүгін, 08:41

Қырғыз әдебиеті қазақша сөйледі

Руханият • Бүгін, 08:40

Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі

Руханият • Бүгін, 08:33

Көп балалы аналармен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Ұқсас жаңалықтар