- Жарыс өскелең ұрпақтың дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен әскери қызметшілердің басқа да отбасы мүшелерін спортпен айналысуға тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында ұйымдастырылды,-деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбеков.
Жарыста 250-ден астам 12-14 жастағы жас спортшы қазақ күресінен, үстел теннисінен спартакиаданың екінші кезеңіне өту үшін сайысқа түсті. Айта кетсек, 2019 жылдың 26-29 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Армияның орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында ҚР ҚК Әскери ганизондарындағы әскери қызметкерлердің балалары арасында спартакиаданың екінші кезеңі өтеді.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
«Egemen Qazaqstan»
СЕМЕЙ