Былтыр Индонезияда өткен Азия ойындарында джиу-джитсудан жарыс сынақтық режимде ұйымдастырылған болатын. Жерлестеріміз айтулы додада керемет өнер көрсетіп, 2 алтын және 3 қола медальді қоржынға салды. Атап айтсақ, Дархан Нортаев пен Руслан Исраилов алтын тұғырға көтерілсе, Нұржан Сейдуәли, Нартай Қажеков және Ризат Мақашев үшінші сатыға табан тіреді. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынды олжалады.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 19-23 маусым аралығында Астанада джиу-джитсудан Grand Prix Astana Open аса ірі халықаралық турнирі ұйымдастырылады. Сол жарыста 60 мемлекеттен келген сақа спортшылар күш сынасады деп күтілуде.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»