19 Наурыз, 2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

1157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақконцерт» сахнасында  өткен «Firework of Stars» халықаралық би байқауына еліміздің өңірлерімен қатар Қырғызстан, Ресей елдерінен бишілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

Осы би додасында ерекше би мәнерімен көзге түскен «Эсма» би студиясының бишілері Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы №13 және 31 мектептердің және де жақын ауылдардан жиналған өнерпаздар. Бірнеше топта өнер көрсеткен «Эсма» бишілер командасының мектепке дейінгі тобы «Көктем» биімен І орынды иеленсе, «Весенний лотос» биімен ІІ, өзбек биімен ІІІ орынды еншіледі. «Эсма» бишілер тобының жетекшісі Әйгерім Мырзахметованың айтуынша, кішкентай бишілер Астана қаласында өтетін халықаралық «Рейтинг успеха» байқауында кәсіби топтар арасында жарысқа түсуге қызу дайындықты бастап кетіпті.