Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

593 реткөрсетілді

Алматы қалалық мәслихатының кезекті сессиясында көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл ретте тұрғын үй көмегі және мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған жәрдемақыларды бірнеше есеге дейін ұлғайту туралы ұсыныстар айтылды. Табысы жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азқамтылған азаматтарға көрсетілетін көмек сомасын 50 мың бес жүз теңгеге дейін өсіру көзделсе, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында отбасы шығынының шекті деңгейін 10 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету қарастырылған.

«Былтыр жәрдемақы 800 балаға төленді. Биыл да осыншама баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл жәрдемақыны алу үшін қосымша 11,4 млн теңге бөлініп отыр. Айтылған әлеуметтік көмек түрлерінің үшеуі де бұрыннан бар. Тек оларды алатын азаматтардың саны мен көмектің көлемі ғана артып отыр», – дейді Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева.

Мамандардың айтуынша, бұдан былай мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларға тоқсан сайын берілетін жәрдемақыны 30 мың теңгеге дейін арттыру жоспары бар.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар