Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметінде қала беретінін мәлімдеді.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

«Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады» деді Елбасы.