«Бұл жаңалық біз үшін күтпеген хабар болды. Назарбаев – өте кемеңгер әрі парасатты саясаткер. Егер ол осындай шешім қабылдаса, осылай жасау керек болғаны», деді В.Матвиенко.
Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке таныс екенін атап өтіп, Елбасының ЕАЭО-ты құру үшін көп жұмыс істегенін және Ресеймен арадағы ынтымақтастықты нығайтуда елеулі келіссөздер жүргізгеніне тоқталды.
Өз сөзінде В.Матвиенко Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаевты зиялы, білімді адам екенін айта келе, өтпелі кезеңде Қазақстан сенімді қолда тұрғанын жеткізді.
Бұдан әрі Матвиенко Қазақстанның келесі Президенті кім болатынын халық шешетінін атап өтті.