20 Наурыз, 2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының Үндеуі

705 реткөрсетілді

Қымбатты отандастар!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жыл­ғы 20 наурыздан бастап өзінің консти­ту­циялық құзыретін алдын ала тоқтататыны тура­лы мәлімдеді.

Бұл – тәуелсіз Қазақстанды құру сияқты тарихи миссияны адал және табысты орындап шыққан дана мемлекет қайраткерінің, батыл азамат және патриоттың көреген һәм дұрыс қабылдаған қадамы.

КСРО ыдыраған сәтте оның басқаруымен еліміз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттілігін нығайтты. 

Елбасының ұстамды саясатының арқа­сын­да еліміз аласапыран кезеңнің қиын-қыстау сәттерін ұрыс-керіссіз, азаматтық, этнос­аралық және конфессияаралық кикілжіңсіз, әлеуметтік күйзеліссіз өтті. 

«Алдымен – экономика, содан кейін – сая­сат», сонымен қатар ел бірлігі принцип­терін негізгі бағыт ретінде ұстанып, Нұр­сұл­тан Назарбаев нарықтық экономиканы қалыптастыру, тұрақты әлеуметтік өсу мәсе­лелерін шешіп, Қазақстанды дамудың жаңа сапалы траекториясына шығарды.

Бүгінде еліміз әлемдегі бәсекеге барын­ша қабілетті 50 елдің қатарына енді. «Қазақ­стан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, Қазақстан Елбасының басқаруымен еліміздің XXI ғасырда дамуының іргелі негізін жасады.

Тұңғыш Президенттің ең маңызды және табысты жобасы ретінде елорданы Астана қаласына ауыстыруы екенін баршамыз білеміз. Жаңа елорда, Ту, Әнұран, Елтаңба және халықаралық деңгейде қабылданған шекара тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен жеңістерінің ұтымды бет-бейнесіне айналды.

Біздің елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың табысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталған қоғам­дық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақ­стан­дық үлгісіне негізделген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы іске асқан бұл модель азаматтардың этнос­тық, діни ерекшеліктеріне қарамастан тең құқы­лы болуының тиімді механизміне айналды. 

Елбасының саяси кемеңгерлігі, әлемнің басқа мемлекеттерінің ешқайсысында жоқ бейбітшілік пен келісімнің ерекше институтын құрды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары Кофи Аннан мен Пан Ги Мун біздің Ассамблея туралы «БҰҰ-ның кіші үлгісі» деп баға берді.

Қазір Ассамблея Қазақстанның 18 миллион халқын біріктіріп отыр.

Тұңғыш Президент жетістіктерінің мәні мен мағыналылығы, оның беттеген эко­номикалық және саяси бағытының міндетті түрде жалғасын табатынын дәлелдейді.

Елбасы Қазақстанның табысты дамуы мен әлемнің көшбасшы отыз елінің қатарына енуінің негізін қалап берді: Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік бағытының толығымен жаңаруы тиімді іске асырылуда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүргізілуде, еліміздің әлеуметтік бақуаттылығы моделінің нақты көрінісі белгіленді. 

Елбасының бұл шешімі ел азаматтарының көпшілігі тарапынан өкініш тудырып отыр. Оның нық саяси жігері адамдардың болашаққа, ертеңгі күнге деген сенімін арттырып тұратын.

Ең қиын сәттерде халық дағдарыстан да даму мүмкіндігін іздеуді принципке айнал­дырған, ең дұрыс және тиімді шешім табатын Тұңғыш Президенттің даналығы мен тәжі­ри­бесіне сенетін. 

Бірақ Елбасы өз қадамының қажеттілігін жаңа тарихи кезеңде Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамудың жаңа деңгейіне шығару мақсатымен негіздеді. 

Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев саяси және әлеуметтік-экономикалық ба­ғыт­­тағы реформалардың бірізділігі мен сабақ­тас­ты­ғы­ның кепілі болып қала береді. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, барлық ел азамат­тарының негізгі міндеті – Елбасының мұрасы мен же­тіс­тіктерін сақтап қалу және арттыру. 

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мү­ше­лері, қазақтар мен орыстар, өзбектер мен поляктар, татарлар мен немістер, ұйғыр­лар мен вайнахтар, күрдтер мен украин­дық­тар, корейлер мен тәжіктер, армяндар мен әзер­байжандар, түріктер, дүнгендер және бас­қа этностар, қоғамдық келісім кеңестері­нің, аналар кеңестерінің, ғылыми-сарапшы­лық кеңестерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қоз­ғалысының мүшелері, ел азаматтарына түзу бағытты ұстануды – уақыттың тексеруінен өт­­кен бірлігіміз бен келісімімізді сақтау және ны­ғайту сияқты бағыттан таймауға шақы­рамыз. 

Біз шын жүректен «Бейбіт өмір үшін, Отан үшін, ерлік пен ірілік сабақтары үшін, үйіміздегі ән мен нан үшін рахмет Сізге, біздің қымбатты Елбасы!» дейміз.

Елбасының «Халқымыздың достығы мен бірлігін, еліміздің әр азаматының мәдениеті мен салтына деген сыйластық пен бір-бірімізге деген сенімімізді сақтаңдар. Осылай болғанда ғана біз мықтымыз, сонда ғана барлық қиыншылықты жеңе аламыз. Сонда ғана дамимыз, гүлденеміз!» – деген сөздерін алғышарт ретінде қабылдауға үндейміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз туындысы – еліміздегі келісім мен тыныштықтың негізі, Қазақстан халқы Ассамблеясын бұдан әрі де басқара береді деген сенімдеміз.

Елбасының бағытына адалдығымыз Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметіне деген ең үлкен алғысымыз екеніне біз сенімдіміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Астана 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар