20 Наурыз, 2019

Туған халқына қызмет ете береді деп сенеміз

987 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Туған халқына қызмет ете береді деп сенеміз

Тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың президенттік өкілет­тігін тоқтату жөніндегі мәлім­демесін үлкен толғаныспен тың­дадым. Бұл мәлімдеме тәуел­сіз еліміз үшін үлкен тарихи оқиға болды.

Қазақстанның тәуелсіздік жыл­­дарында қол жеткізген бар­­лық табыстары, асқан асулары, шыққан белестері Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың тікелей бас­­шы­лығымен жүзеге асырылды деп сеніммен айта аламын. Нақтылай айтқанда, Ата Заңымыздың қабылда­нуы, Қарулы Күштеріміздің құрылуы, шекарамыздың шегенделуі, жаңа Астананың салынуы, экономикамыздың өркендеуі, шеттегі қандастары­мыздың атажұртқа оралуы және басқа да шешімін та­пқан игілікті істер тура­лы сөз қозғағанда санамызда Нұрсұл­тан Назарбаевтың ерен еңбегіне тоқталмау мүмкін емес. 

Бұдан бөлек, еліміздің ядро­­лық қауіпсіздікті нығайту сала­сын­да көшбасшы ел ретінде танылуы, халықаралық және аймақ­­тық ұйымдардың жұмы­сы­на бел­сенді араласуы, ЕҚЫҰ-ға, ИЫҰ-ға төрағалық етуі­міз, ТМД-да алғаш­қы бо­лып ЭКСПО-2017 көрме­сінің өткізілуі Тұңғыш Прези­денті­міздің тікелей бастамаларымен жүзеге асырылғаны анық.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы, ел экономикасына қыруар инвестиция құйылғаны, халықтың әл-ауқатының артуы, жұмыссыздықтың қысқаруы, жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеп, білім нәрімен су­сын­дату, ауылдарды қолдау шара­лары Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген саясаттың арқасында жүзеге асырылды. 

Шеттегі қандастарымыз­ды атамекенге шақыруы нәти­же­сінде 1 миллионнан астам қазақ­тың елге қоныс аударуын тәуелсіздік табыстарының біре­гейі десек, қателеспейміз. Нұр­сұлтан Назарбаевтың осы жұ­мыс­ты ұйымдастырудағы еңб­е­гін барша қазақ біледі.

Әрине Тұңғыш Прези­­дентіміздің Қазақстан үшін, өзінің туған халқы үшін ат­қар­­­ған қызметін шағын мақа­­лада қам­тып шығу қиын. Нұр­сұлтан Назарбаевтың өз елі­не жасаған қызметі тәуел­сіз елі­міздің жасампаз тари­хы­ның ажырамас бөлігі бо­лып қалатыны сөзсіз.

Әлемнің ең дамыған 30 елі­нің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның одан әрі дамуына барлық алғышарт­тар­ды қалыптастырған еліміз­­дің Тұңғыш Президенті – Елба­­сы алдағы уақытта да өз халқы үшін аянбай еңбек ете бермек. Бұл барша қазақстандықтар үшін өте маңызды. 

Қуаныш АЙТАХАНОВ,

қоғам қайраткері